В
Все
Х
Химия
В
Видео-ответы
А
Алгебра
Г
Геометрия
О
ОБЖ
Д
Другие предметы
У
Українська література
Р
Русский язык
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
Э
Экономика
Ф
Физика
М
Математика
Ф
Французский язык
Г
География
И
Информатика
М
МХК
О
Окружающий мир
П
Психология
Н
Немецкий язык
О
Обществознание
П
Право
И
История
М
Музыка
Л
Литература
Қ
Қазақ тiлi
Б
Биология
А
Английский язык
Karlik777
Karlik777
09.02.2021 21:21 •  Қазақ тiлi

"әлі талай жыр болып жазыларсың" эссе
помагите

Ответ:
egortupi
egortupi
10.03.2021 08:01

Мұқағали Мақатаев - ақын, аудармашы, прозашы. Өлеңдері, оның жауһар жырлары мәңгілік. Өлеңдері уақыт өткен сайын өзіне шексіз дос - сырлас тауып, Хантәңірдей асқақтап, жыр сүйер қауымның жүрегінен берік орын табуда. А ң жан дүниесіне терең бойлап, ішкі сезім сырларынан, психологиялық жан - күйінен хабар беретін сезімтал, психолог ақын. Мұқағали өлеңдерінде адамның моральдық - этикалық қасиеттері әр қырынан сөз болып, жағымпаз, мақтаншақ, ұрыншақ адамдарды сынға ала, әжуалайды. Ақын осында жан - дүниесі пасық, өзіне де, өзгеге де опа бермей жүргендерге ақылын айтып, қылықтарына реніш білдірсе, болашақта осындай қасеттерден сақ болуға шақырады.

Жаңа сабақ

Ақынның шығармашылығы

Мұхаммед пайғамбардың сөзіне құлақ асу, Аллаға жалбарыну, мақтау сөз айту және әулие пайғамбарды, сондай - ақ дінді мойындау керектігін жазса Мұқағали сол жетпісінші жылдары - ақ:

Қаймағы бұзылмаған қайран дінім,

Қаймағың быт - шыт болды қайдан бүгін?!

Құбылаға бет алып қол қусырып,

Сәждеге бас қоятын қайда күнім?

Сатпаймын, сатпақ емен дінімді мен,

Өлмейтін, өшпейтұғын күнім білем.

Таппайтын күнде тыным, түнде тыным,

Мұсылман Мұхаммедтің үмбетімін.

Бәрі рас айтқанының Ақ Алламның

Құм менен топырақтан жаралғанмын.

***

Өсіңіз, жетіліңіз, тасқынбаңыз,

Бірақ та, биікпін деп мақтанбаңыз.

Сен мықты, анау осал, мен орташа,

Бәріміз бір аспанның астындамыз.

Сіздің ой біздің оймен бірікпейді,

Шайқаңыз, осы жүріп мейлі.

Ойлаңыз арзан атақ, сасық ырыс,

Сіз өлгенде қайтадан тірілтпейді.

***

Арыз жазып кетейін

Бүгін менің туған күнім.

Ой, бәле - ай!

Мына адамдар неге жатыр тойламай?!

Банкет жасап берер едім өзім - ақ,

Тәңірдің бір жарытпай - ақ қойғаны - ай.

Мына дүние неге жатыр үндемей?!

Алаулатып тойдың шоғын үрлемей,

Құшақ - құшақ гүл шоқтарын лақтырып,

- Мынау – шапан,

- Мынау – атың, мін! – демей?!

***

Мен - дағы өлең жазбаймын ермек үшін

Мен - дағы өлең жазбаймын ермек үшін,

Ермек үшін немесе өлмеу үшін.

Жазсам, жазам жырды мен, жасырмаймын,

Жаралы жүректерді емдеу үшін.

Ермек үшін белгілі жырламасын,

Ермек десе, ел мейлі тыңдамасын.

Өтсем болды арқалап адамдардың

Қуанышын, шаттығын, мұң - наласын.

***

Ойлаңдар, достар,

Өнерде жарыс болмайды.

Өресі жетпей,

Күндестік қылған оңбайды.

Өнерің жетіп,

Өсе алмай қалсаң сол қайғы.

Күндес таласқан,

Өнерің өнер болмайды

***

Сабақты қорытындылау

Үйге тапсырма: Балалар, біз Мұқағали ағамызбен қоштаспаймыз.

Мұқағалидың бүгінгі сабақта ашылмай қалған сырларын ары қарай талдап келейік және де Мұқағали жырларынан айтылмай қалған өлеңдерінен үзінді жаттап келеміз.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?