В
Все
Х
Химия
В
Видео-ответы
А
Алгебра
Г
Геометрия
О
ОБЖ
Д
Другие предметы
У
Українська література
Р
Русский язык
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
Э
Экономика
Ф
Физика
М
Математика
Ф
Французский язык
Г
География
И
Информатика
М
МХК
О
Окружающий мир
П
Психология
Н
Немецкий язык
О
Обществознание
П
Право
И
История
М
Музыка
Л
Литература
Қ
Қазақ тiлi
Б
Биология
А
Английский язык
Nikito23
Nikito23
19.04.2021 08:06 •  Қазақ тiлi

Күннің тірі табиғат үшін қандай рөлі бар?Адамдар күн энергиясын кайда ,калай пайдаланады ? Деген сұраққа жауап ізде.200 сөзден туратын мәтін құра.Көмектесіндерш

Ответ:
masha28122812
masha28122812
13.10.2020 12:08

Біздің планетамыздың өсімдіктер мен жануарлар әлемі, адамзаттың тіршілігі үшін жылу мен жарықтың алатын орны ерекше. Ал, жарық пен жылудың негізгі көзі – Күн. Күн – жерге өте жақын орналасқан кәдімгі жұлдыз, керемет үлкен газды шар. Ол күн жүйесіндегі орасан зор дене. Жұлдыздар жай көзге тек түнде ғана көрініп, күндіз көрінбейді. Оның себебі:

Күн сәулесі олардың жарығын жеңіп кетеді. Күннің массасы Жердің массасынан 333 000есе үлкен. Жерден Күнге дейінгі қашықтық шамамен 150 000 000 км. Күннің жасы шамамен 5 миллиард жыл. Оның бетіндегі температура +6000° С-ге жуық. Ал ішкі жағындағы температура одан да көп. Жерге Күн қуатының 2 миллиардтан бір бөлігі ғана жетеді. Күннен шыққан жарық жерге 8 минут 19 секундта жетеді. Күн көкжиектен неғұрлым жоғары көтерілсе, соғұрлым күштірек жылытады. Күн сәулесі жер бетін біркелкі жылыта алмайды. Ғалымдардың есептеуінше жер бетіндегі тіршіліктің пайда болғанына 4млрд жылдан асыпты. Осындай ұзақ уақыт ішінде бір клеткалы қарапайым организмнен әр түрлі өсімдіктер мен жануарлар дамып жетілді. Күн сәулесі болмаса жасыл өсімдіктер ауадағы көмірқышқыл газын сіңіріп, оттегін бөліп шығармас еді. Оттегімен жан - жануарлар, адамдар тыныс алып, өмір сүреді. Күн сәулесі түспеген жерде өсімдіктер өспейді. Адамдар өмір сүру үшін қажетті киім, тамақ, үй, дәрі - дәрмек, жануарлар үшін азық та өсімдіктерден алынады. Олай болса, Күннен шығатын жарық пен жылусыз Жер бетінде атаулы болмас еді.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?