В
Все
Х
Химия
В
Видео-ответы
А
Алгебра
Г
Геометрия
О
ОБЖ
Д
Другие предметы
У
Українська література
Р
Русский язык
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
Э
Экономика
Ф
Физика
М
Математика
Ф
Французский язык
Г
География
И
Информатика
М
МХК
О
Окружающий мир
П
Психология
Н
Немецкий язык
О
Обществознание
П
Право
И
История
М
Музыка
Л
Литература
Қ
Қазақ тiлi
Б
Биология
А
Английский язык
gleb3003
gleb3003
27.08.2021 09:48 •  Қазақ тiлi

Сочинение на тему герой отечествиной войны с числительными на казахском

Ответ:
umnyjchelovek
umnyjchelovek
04.10.2019 16:30

батырларға тағзым

қазақтың ұланғайыр ұлы жерін қорғаған ерлер ерлігі сан ғасырлар бойы сан ұрпақты отаншылдық рухқа бөлеп келеді. ел мен жер тұтастығын сақтап, жаудың бетін қайтарған батырлардың өршіл рухы мен тағылымды өмірі қандайда болмасын құрметке лайық. елдің елдік қасиетін үстеп, тарих тағылымына жетелейтін игілікті іс шара тәуелсіздігіміздің рухани тұғырын барынша нығайта түсері хақ. сондай мәні мен мағынасы ерекше мәдени іс-шара қарағанды қаласы маңындағы шахан кентінде болып өтті. аталмыш кенттің мәдениет үйі алдында кезінде «күн көсем»   ленин ескерткіші тұрса, ендігі кезекте қазақтың шерубай биболдыұлы (1693 ж..т. – қайтыс болған жылы белгісіз), таймас бектасұлы (1795-1870), мәнжі күржікейұлы (1815-1911) сынды айбынды батыр ұлдарына ескерткіш (стелла) тақтасы орнатылды.

шерубай биболдыұлы жоңғар шапқыншылығына қарсы жүргізілген соғыста қолға ту ұстаған атақты қолбасшылардың бірі. ал таймас бектасұлы, мәнжі күржікейұлы ресей отаршылдығына қарсы азаттық күресін жүргізген ұлы тұлға кенесары қасымұлының сенімді батырлары болған. міне, сапар епкеев, айханбай құдабаев, дәулет жүнісов, бекежан және бекболат құрынбаевтар сынды алаштың намысты азаматтарының қаржылай демеушілігімен ұлт тарихында айрықша із қалдырған жаужүрек батырларға ескерткіш қойылды.  

қажы мешітінің имамы оралбай қажы батырлар рухына бағыштап   рухани тағылымды шараны құранмен ашып берді. академик, шежіреші ғалым рашид каренов батыр ң тағылымды ғұмырынан жасады. шахтинск қаласы әкімінің орынбасары достық егішев құттықтау сөз сөйлеп, бұл ескерткіш монументтің ұрпаққа берер тәрбиесінің зор екенін баса айтты. жас ұрпақты отаншылдық рухта тәрбиелеу мақсатында өрбіген іс-шараның биік деңгейде өтуінде айтыскер ақын айтбай ботпайұлының зор үлесі бар. арқаның аузымен құс тістеген ақындары мақсат аханов пен дидар қамиевтер жырдан шашу шашса, айтулы әншілер сержан мұсайын, ержан базарбеков, дәуренбек аркенов, сәттар сәрсенбаев та ерлік пен елдік рухындағы әндерімен елді бір серпілтіп тастады. батырларға тағзым жасалған іс-шараның көркін астанадан арнайы келген ибрагим ескендір «көктудың желбірегені» әнімен бедерлеп берді.

иә, ел мен жер қорғаған батырларға көрсетілер құрмет асқақ болуы керек. сол арқылы алаштың намыс туы да заңғар биікте желбірей бермек.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?