В
Все
Х
Химия
В
Видео-ответы
А
Алгебра
Г
Геометрия
О
ОБЖ
Д
Другие предметы
У
Українська література
Р
Русский язык
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
Э
Экономика
Ф
Физика
М
Математика
Ф
Французский язык
Г
География
И
Информатика
М
МХК
О
Окружающий мир
П
Психология
Н
Немецкий язык
О
Обществознание
П
Право
И
История
М
Музыка
Л
Литература
Қ
Қазақ тiлi
Б
Биология
А
Английский язык
sukalovan0
sukalovan0
06.04.2023 15:13 •  Қазақ тiлi

"жердің көркі ағаш" деген тақырыпта айналада өсіп тұрған ағаштар туралы әңгімеге көмектесіп беріңіздерші (40 сөзден)

Ответ:
MyNyanKet
MyNyanKet
09.10.2020 11:08

«Жердің көркі ағаш» шағын әңгіме.

Бір сәт айналамызға зер салып қарайтын болсақ, жердің, табиғаттың көркі ағаш екенін байқаймыз. «Бәр тал кессең, он тал ек» деген халық даналығы да бар емес пе? Яғни, ағаштарды табиғаттың ерекше жаратылысы деп білуге болады, себебі ағаштардың қоршаған ортаға тигізер пайдасы орасан зор. Өзіңіз қараңызшы: демалуға қажетті оттегіні бөліп шығарады, күннің ыстығында көлеңке береді, құстарға пана болады, жан – жағына көрік сыйлайды, табиғаттағы тепе-теңдікті сақтайды, көшедегі шудың азаюына да ықпал етеді, олардың түбінде саңырауқұлақтар өседі,  тіпті, ескі ағаштарды отынға да жаратуға болады. Айта берсек, ағаштың пайдасы көп. Осыны білген дана халқымыз «...Жүз жылдығын ойлаған халық ағаш егеді...» деп бекер айтпаса керек.

Соңғы уақытта экологияның нашарлауы салдарынан және басқа да келеңсіз жағдайлар себебінен ағаштар саны күрт азайып барады. Сондықтан еліміз бойынша жас көшеттерді отырғызу науқандары жүргізіліп, бұл шараға барлық мектеп пен орта және жоғары оқу орындарының шәкірттері түгелдей ат салысуда. Осылайша жасыл желегіміздің саны артып, айналамыз одан да құлпыра түспек. Болашақта осы жастарымыз еккен ағаштар келер ұрпаққа үлгі болады деп сенеміз.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?