В
Все
Х
Химия
В
Видео-ответы
А
Алгебра
Г
Геометрия
О
ОБЖ
Д
Другие предметы
У
Українська література
Р
Русский язык
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
Э
Экономика
Ф
Физика
М
Математика
Ф
Французский язык
Г
География
И
Информатика
М
МХК
О
Окружающий мир
П
Психология
Н
Немецкий язык
О
Обществознание
П
Право
И
История
М
Музыка
Л
Литература
Қ
Қазақ тiлi
Б
Биология
А
Английский язык
mchervina
mchervina
26.07.2021 22:50 •  Қазақ тiлi

Написать письмо другу о школе, на казахском языке

Ответ:
MuertoLegend
MuertoLegend
09.10.2020 05:08

Досыма хат (мектеп туралы).

Сәлем, Әсет!

Қал-жағдайың жақсы ма? Менде бәрі жақсы. Бүгін демалыс, сабағымды ерте оқып алып, сенің алдыңғы хатыңа жауап жазып отырмын. Сен соңғы хатыңда менің мектебім жайлы сұрапсың, сол сұрағыңа жауап жаза кетейін.

Мен қаламыздағы іргелі оқу орындарының бірі - №8 қазақ гимназиясында оқитынымды мақтан етемін, елімізге белгілі тұлғалар осы мектепте білім алған, болашақта мен де сол кісілер сияқты білімімнің арқасында биік шыңдардан көрінгім келеді.

Мектебімізге келер болсақ, биыл мектептің жетпіс жылдық мерейтойы қарсаңында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын.

«Білім кілті – мектепте» демекші, мектеп – біздің екінші үйіміз. Менің есімде алғаш ұстазымның үнемі айтып отыратын сөздері қалыпты: «Тарыдай болып кіресің, таудай болып шығасың» деп мектеп жайлы өте орынды айтылған деп ойлаймын. Мектеп – бізді есейіп, ер жеткенше білім нәрімен сусындататын білім ордасы, үлкен ғалым – академиктер, саясаткерлер, қаржыгерлер, табысты кәсіпкерлер және де тағы басқа мамандық иелерінің барлығы мектеп қабырғасында білім алып, оны ары қарай шыңдай білген.

Мектепте өткен әрбір күнім шаттыққа толы десе, артық айтпаспын. Мұғалім -біздің екінші анамыз, ал сыныптас достарым өз бауырларым секілді.

Биыл мектептің мерейтойына байланысты қала деңгейінде түрлі мерекелік әрі оқу – әдістемелік іс – шаралар жоспарланып отыр, сол шаралардың сәтті өтуіне  барлығымыз түгелдей атсалысудамыз.

Міне, менің мектебім осындай. Ал енді сен өз мектебің жайлы жаза кетсең?

Хабарласып тұр,

Сәлеммен, досың Аспандияр.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?