В
Все
Х
Химия
В
Видео-ответы
А
Алгебра
Г
Геометрия
О
ОБЖ
Д
Другие предметы
У
Українська література
Р
Русский язык
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
Э
Экономика
Ф
Физика
М
Математика
Ф
Французский язык
Г
География
И
Информатика
М
МХК
О
Окружающий мир
П
Психология
Н
Немецкий язык
О
Обществознание
П
Право
И
История
М
Музыка
Л
Литература
Қ
Қазақ тiлi
Б
Биология
А
Английский язык
lenaguceva
lenaguceva
29.07.2021 22:07 •  Қазақ тiлi

Нужно написать эссе өз елің-алтын бесігің

Ответ:
lizayka2001
lizayka2001
01.09.2020 19:31
Әр оқушы өзінің халқының, туған жерінің тарихын кең көлемде білген кезде ғана Отанына деген махаббатын, патриоттық сезімін бойына сіңіре алады. Бұл әлемде адам басынан не өткенін білу үшін тарихтың бетіне тереңнен үңілу керек деп білемін. Еліміз егемендік алғаннан бері тарихымызды терең парақтауға ден қойдық. Тарихымызды, мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізді білмесек ата-анамызды білмейтін жетім бала сияқты әркімнің жетегінде кете бермесімізге кім кепілдік бере алар еді? Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, «Қазақ тарихында қазақ ұялатындай ештеңе жоқ. Біз бірде-бір соғыс өртін бастаған емеспіз. Біз бірде-бір елді жаулап, даламызға қосып алған емеспіз..., ендеше тарихымыздың жабулы жатқан кейбір беттерін ашуға, зерттеуге, белгісіз немесе айтылмай келген тарихи шындықты айтуға қорықпай сенімді түрде алға басқан жөн» Иә, тәуелсіздік туы көтерілгелі өшкеніміз жанып , өлгеніміз қайта тірілді. Жуан жұдырықтың күшімен бұрмаланған ата-баба дәстүрі қағылған қазығына қайта оралды. Қазақстан жерін ежелден қоныстанып келе жатқан ел-қазақ халқы. Көптеген ғасырлар бойы ел басқарған дана басшыларымыз,қолбасшы батырларымыз кең-байтақ жерімізді сырттан төнген қауіптен қорғап келеді.Біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең, олар үшін туған жерді қасиет тұту-қанға сіңген мінез, ежелгі дәстүр.Бұл таным біздің жанымызға ана сүтімен тараған, ана тілі мен дарыған.Ана әр адамда біреу- ақ,ендеше Отан-ана да біз үшін біреу ғана. Сондықтан қай елдің адамы болсын өз Отанын дүниедегі ең қымбаты,ең қасиеттісі,ең аяулысы-анасына балайды.Өз анасын, елін сүймейтін,өз Отанын мақтан тұтпайтын адам ешқашан да үлкен азамат бола алмайды.Осының бір көрінісі ән ұранның сөзінің мазмұнында жатыр емес пе? Мен де өз Отаным- Тәуелсіз Қазақстанның ұланымын
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?