В
Все
Х
Химия
В
Видео-ответы
А
Алгебра
Г
Геометрия
О
ОБЖ
Д
Другие предметы
У
Українська література
Р
Русский язык
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
Э
Экономика
Ф
Физика
М
Математика
Ф
Французский язык
Г
География
И
Информатика
М
МХК
О
Окружающий мир
П
Психология
Н
Немецкий язык
О
Обществознание
П
Право
И
История
М
Музыка
Л
Литература
Қ
Қазақ тiлi
Б
Биология
А
Английский язык
aninagalamova
aninagalamova
08.10.2022 23:35 •  Қазақ тiлi

Сочинение на казахском языке менын омырым

Ответ:
inessa30
inessa30
26.08.2020 18:27
Менің өмірім
Мен еш нәрсеге таң қалмаймын, себебі өмірімді түске ұқсатамын. Ал түсте нелер болмайды?!.. Кей кездері өмірімде дәл түсімдегідей ғажайып оқиғалар болып тұрады. Сондай ғажайып сәттер… тіпті өзім сенбей қаламын! 
Мен үшін өте қымбат адамдар жанымда аз ғана уақыт болып, түсімдегідей қас-қағым сәтте ғайып болады. Олардың кейбірі «Өмір-түсімде» қайта кездесуі мүмкін. Ал кейбірін мәңгілік көрмеймін.Оларды сағына еске алудан басқа амалым қалмайды. Ал кейбірі түнде шошытып оятқан түстерімдей көңіліме қорқыныш ұялатады.
Кейбір қуанышты сәттерде «Өмір-түсімнің» ұзаққа созылуын қалаймын. Ал көңілсіз сәттерде тез аяқталғанын тілеймін. Болып жатқан әр оқиға: мейлі қуаныш, мейлі қайғы-мұң түсімдей өткінші екенін білемін.Сол үшін қуанамын, сол үшін өкінемін.
Өмірім- түс сияқты… Қашан басталатынын білсем де, қашан, қалай, қайда аяқталатынын және алдымда не күтіп тұрғанын білмеймін. Өмірім сонысымен қуанышты, сонысымен мұңды. Бұл «ӨМІР-ТҮСІМНІҢ» ұзақ немесе қысқа болуы мен үшін маңызды емес! Ең бастысы- қуаныш пен қайғымды бөлісе білген АДАМ- КЕЙІПКЕРЛЕРІМЕ айтар алғысым шексіз, солар аман болсын! Әр адам өз өмірінің басты кейіпкері. Менің де «түс- өмірімдегі» әр кейіпкер бақытты болуға лайықты! Ал сіздің өміріңіз неге ұқсайды?
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?