В
Все
Х
Химия
В
Видео-ответы
А
Алгебра
Г
Геометрия
О
ОБЖ
Д
Другие предметы
У
Українська література
Р
Русский язык
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
Э
Экономика
Ф
Физика
М
Математика
Ф
Французский язык
Г
География
И
Информатика
М
МХК
О
Окружающий мир
П
Психология
Н
Немецкий язык
О
Обществознание
П
Право
И
История
М
Музыка
Л
Литература
Қ
Қазақ тiлi
Б
Биология
А
Английский язык
SANMAN26
SANMAN26
25.09.2021 00:26 •  Қазақ тiлi

Менің арманым- айдармашы болу шығарма керек өте

Ответ:
Zhansiya15
Zhansiya15
15.09.2020 11:29

Менің арманым – аудармашы болу.

Тіл әрбір адамға өмір бойы керек. Жер бетінде халық та,тіл де көп.Ғалымдар дүние жүзінде бес мыңдай тіл бар деп есептейді.

Қазіргі уақытта көп тіл білу-өмір талабы. Қазақ халқы: «Жеті жұрттың тілін біл», деген. Кісі көп тіл меңгерген сайын оның өмірдегі табыстары арта түседі, мүмкіндіктер молаяды. Сондықтан белгілі жазушы Бауыржан Момышұлы «Бір тіл білген адам бір адам,екі тіл білген-екі адам»,-деп айтқан.

Қазақстан Республикасы Болон процесіне мүше болғаннан бері үш тұғырлы тіл мәселесі өз маңызын жоғалтпай, керісінше арта түсуде. Бұл жағдайда Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылады. Бұл тілдер: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – халықаралық бизнес пен экономика тілі.

Болашақ осы үш тілді қатар, жетік меңгерген жастарымыздың қолында болмақ. Себебі қазіргі жаһандану заманында бәсекеге барынша қабілетті жастардың болашағы жарқын болмақ.

Қазіргі кезде үш тілді қатар меңгеруге бар жағдай жасалып отыр, сол мүмкіндікті барынша пайдалану керек деп есептеймін. Бұл да қазіргі заман талабы. Тез өзгеріп жатқан дұниеде өмір сүріп, өз орныңды табу үшін жан – жақты болу керек.

Осы орайда мен де өз келешегімді шет тілдерімен байланыстырамын. Арманым – аудармашы болып, шетелде жұмыс істеп, тәжірибе жинау. Себебу, адам қанша тіл меңгерсе, сонша елдің мәдениетімен, салт – дәстүрімен танысып, ой – өрісі де кеңейе түседі. Тіл білудің арқасында шет елді жатсынбай, өзіңді емін – еркін сезінесің.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?