В
Все
Х
Химия
В
Видео-ответы
А
Алгебра
Г
Геометрия
О
ОБЖ
Д
Другие предметы
У
Українська література
Р
Русский язык
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
Э
Экономика
Ф
Физика
М
Математика
Ф
Французский язык
Г
География
И
Информатика
М
МХК
О
Окружающий мир
П
Психология
Н
Немецкий язык
О
Обществознание
П
Право
И
История
М
Музыка
Л
Литература
Қ
Қазақ тiлi
Б
Биология
А
Английский язык
andry92526
andry92526
28.11.2020 11:25 •  Қазақ тiлi

Бөрілі менің байрағым өлеңіне талдау жасау керек комектесиндерши

Ответ:
ASTRA5555
ASTRA5555
02.10.2020 20:01

"Бөрілі менің байрағым" өлеңіне кешенді сатылай талдау.

Авторы: Сүйінбай Аронұлы.

Тақырыбы:көк түркінің бөрілі байрағын,айбарлы ұранын қайта жаңғыртып,отарлық бұғаудағы санасы қалғи бастаған халқына қалқан етеді.

Идеясы:күн астында күркірей жортқан түріктердің,ғұндар мен үйсіндердің қасиетті ұранын уақыт пен кеңістіктің жойқын кедергісіне қарамай,қайта жаңғырту.

Құрылысы:5 шумақ,4-7 тармақ,24 жол,2 бунақты,8 буынды,шалыс ұйқас және аралас ұйқас.

Көркемдік ерекшелігі:эпитет (бөрілі байрақ,қызыл қан),теңеу (бөрідей), метафора (бөрі басы – ұраным,бөрілі менің байрағым),аллитерация (бөрілі байрақ астында,бөгеліп көрген жан емен) т.б.

Тәрбиелік мәні:Түркілік рухани болмысты оятуға үгіттейді.Батыр әрі қайсар,ұлтжан болуға,өз шыққан тегіңді ұмытпауға үйретеді.

Қосымша:

Бөрілі байрақ астында —

Бөгеліп көрген жан емен!

Бөрідей жортып кеткенде,

Бөлініп қалған жан емен!

Бөрілі найза ұстаса,

Түйремей кеткен жан емен!

Бөрілі байрақ құласа,

Күйремей кеткен жан емен!

Жау тисе жапан далада,

Бөрілі найза аламыз,

Қарасайлап шабамыз,

Қызыл қанға батамыз.

Бөрілі байрақ астында,

Ту түсіріп, жау алған,

Қазыбек, Қастек атамыз.

Бөрілі байрақ көтерсе,

Жоқты жонып табамыз.

Бөрілі байрақ астында:

Ту түсіріп, жау алған

Шапырашты батыр бабамыз.

Бөрі басы — ұраным,

Бөрілі менің байрағым.

Бөрілі байрақ көтерсе,

Қозып кетер қайдағым!

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?