В
Все
Х
Химия
В
Видео-ответы
А
Алгебра
Г
Геометрия
О
ОБЖ
Д
Другие предметы
У
Українська література
Р
Русский язык
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
Э
Экономика
Ф
Физика
М
Математика
Ф
Французский язык
Г
География
И
Информатика
М
МХК
О
Окружающий мир
П
Психология
Н
Немецкий язык
О
Обществознание
П
Право
И
История
М
Музыка
Л
Литература
Қ
Қазақ тiлi
Б
Биология
А
Английский язык
P0SEYD0N
P0SEYD0N
10.02.2020 19:55 •  Қазақ тiлi

Пословицы по казак скаму языку на тему школа

Ответ:
chizhvlad2003p017q2
chizhvlad2003p017q2
20.07.2020 16:35
Оқу - инемен құдық қазғандай. Оқымаған бір бала, оқыса екі бала. Оқу - білім бұлағы. Жақындықты ат айырады, оқымағанды хат айырады. Оқығаныңды айтпа, тоқығаныңды айт. Оқу  - білім азығы,Білім – ырыс қазығы. Білім басы - бейнет, соңы - зейнет. Оқығаныңды айтпа, тоқығаныңды айт. Білімдіге дүние жарық.Білімсіздің күні кәріп. Көзі жоқ, құлағы саудыңАқылы толады.Құлағы жоқ, көзі саудыңАқылы солады. Өмір - үлкен мектеп.Өмірдің өзі - ұлы ұстаз. Жердің сәні - егін,Ердің сәні - білім. Жер - ырыстың кіндігі,Білім - ырыстың тізгіні. Өнер - ағып жатқан бұлақ,Ілім - жанып тұрған шырақ. Білімді өлсе,Қағазда аты қалар.Ұста өлсе,Істеген заты қалар. Кітап – алтын қазына. Көп жасаған білмейді, көп көрген біледі. Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір. Көргенсіз дегенге кек тұтпа,Көргеніңнен көрмегенің көп. Ғылым - теңіз, білім - қайық.Алтын алма, білім ал. Ұстаздан шәкірт озар. Жеті жұрттың тілін біл,Жеті түрлі білім біл. Әліппенің ар жағы - білім бағы. Ғылыммен жақын болсаң, қолың жетер,Залыммен жақын болсаң, басың кетер. Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла. Кітап-ғылым – тілсіз мұғалім. Білімі жоқ ұл – жұпары жоқ гүл. Мың малың болғанша, бір балаң ғалым болсын. Наданмен дос болғанша,Кітаппен дос бол. Асу бермес асқар жоқ. Білегіңе сенбе, біліміңе сен. Екпей егін шықпас,Үйренбей білім жұқпас. Жаста оқыған оқуың - тасқа жазғанмен бірдей,Егде тартқанда оқыған оқуың - мұзға жазғанмен бірдей. Білім ауысады,Ырыс жұғысады. Білген кісі тауып айтады,Білмеген кісі қауып айтады. Өз білмегеніңді кісіден сұра,Үлкен жоқ болса кішіден сұра. Ақыл –дария,Ой – теңіз.Оқығанның бәрі жарық,Оқымағанның беті шарық. Білек сүріндіре алмағанды,Білім сүріндіреді. Білетінің бір тоғыз,Білмейтінің тоқсан тоғыз. Күш – білімде, білім – кітапта. Кісінің кісілігі,Киімінде емес, білімінде. Киіміне қарап,қарсы алады,Біліміне қарап шығарып салады. Білім гауһар –Бағасы жоқ.Надандық кесел –Дауасы жоқ. Қарғыстың ең жаманы –Өзің білме, білгеннің тілін алма. Түстік өмірің болса,Кештік білім жи. Білмесең үндеме,Білгенді күндеме.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?