В
Все
Х
Химия
В
Видео-ответы
А
Алгебра
Г
Геометрия
О
ОБЖ
Д
Другие предметы
У
Українська література
Р
Русский язык
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
Э
Экономика
Ф
Физика
М
Математика
Ф
Французский язык
Г
География
И
Информатика
М
МХК
О
Окружающий мир
П
Психология
Н
Немецкий язык
О
Обществознание
П
Право
И
История
М
Музыка
Л
Литература
Қ
Қазақ тiлi
Б
Биология
А
Английский язык
viktoriy39
viktoriy39
19.03.2021 23:20 •  Қазақ тiлi

Спорт түрлері написать рассказ на казахском языке

Ответ:
ARTEMONUM
ARTEMONUM
17.07.2020 08:57

Спорт түрлері.

Спорт түрлерін атау үшін алдымен спорт дегеніміз не? деген сұраққа жауап беріп көрейік. Сөздікке сүйенер болсақ, «спорт - белгілі ережелер немесе дәстүрлерге сай көбінесе жарыс күйінде өтетін әрекет». Жалпы, спорт физикалық қозғалыс пен іс – әрекетті талап етеді. Адамдар түрлі спорт түрлерімен әр түрлі мақсатта айналсыады: біреулері денсаулығын нығайту үшін, енді кейбіреулері өзін – өзі дамыту үшін, ал басқалары моральді қанағаттану үшін.

Енді спорт түрлеріне тоқтала кететін болсақ, менің ойымша, оларды екі үлкен топқа бөлуге болады: қысқы спорт түрлері және жазғы спорт түрлері. Атынан белгілі болып тұрғандай, айналысатын маусымына байланысты бөлінеді. Қысқы спорт түрлеріне: биатлон,трамплиннен секіру, бобслей, скелетон, конькимен жүгіру, мәнерлеп сырғанау, шайбалы хоккей, допты хоккей, шаңғы жарысы, шаңғымен тұғырдан секіру, тау шаңғысы, фристайл, шорт – трек, биатлон т.б. жатады. Қыстан басқа мезгілде спортшылар спорт залда жаттығып, ал үлкен жарыстарға дайындық үшін арнайы салқын жаққа жол жүреді.

Ал жазғы спорт түрлері қысқы спорт түрлерімен салыстырғанда едәуір көп: жүзу (түр - түрімен), футбол, баскетбол, воллейбол, бокс, карате, таеквондо, жеңіл атлетика, қол добы, академиялық есу, бадминтон, күрес, велоспорт, су добы, спорттық гимнастика, көркем гимнастика, дзюдо, ат спорты, үстел теннисі, желкенді спорт,суға секіру, қазіргі бессайыс, нысана көздеу, садақтан ату, теннис, триатлон, ауыр атлетика, семсерлесу, көгалдағы хоккей т.б.  

Спорттың қай түрі болмасын, барлығы да денсаулыққа пайдалы екенін ұмытпайық. Ал сіз қай спорт түрімен шұғылданасыз?

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?