В
Все
Х
Химия
В
Видео-ответы
А
Алгебра
Г
Геометрия
О
ОБЖ
Д
Другие предметы
У
Українська література
Р
Русский язык
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
Э
Экономика
Ф
Физика
М
Математика
Ф
Французский язык
Г
География
И
Информатика
М
МХК
О
Окружающий мир
П
Психология
Н
Немецкий язык
О
Обществознание
П
Право
И
История
М
Музыка
Л
Литература
Қ
Қазақ тiлi
Б
Биология
А
Английский язык
ksenia376
ksenia376
01.02.2023 19:26 •  Қазақ тiлi

Рассказ на казахском языке про книжный магазин

Ответ:
ksenia1unicorn
ksenia1unicorn
02.10.2020 00:54

Кітап дүкені туралы.

Дана халқымыз «Кітап - алтын қазына» десе, ал кітап дүкенін өз басым іші қазынаға толы алтын сандыққа теңейтін едім. Бізді білім нәрімен сусындататын ғалым, тілсіз мұғалім – осы кітап. Тағылымы мол тәрбие ошағына айналып отырған кітап дүкенінің қоғамда алар орны орасан зор.

Кітап адам өмірінде, әсіресе өскелең ұрпақтың өмірінде ерекше орын алады десем, артықшылық етпес. Кітапсыз, еш білімсіз күніміз қараң болатын еді. Кітап оқу арқылы біз білімімізді шыңдап, сөздік қорымыз бен ой – өрісімізді кеңейтеміз. Сонымен қатар түрлі жанрдағы кітап оқу елді, жерді сүюге, талапты, кішіпейіл болуға, мейірімді, әрі төзімді болуға баулиды. Кітап біздің рухани жан азығымыз.

Қазіргі таңда кітап дүкенінің сөрелерінде қалаған кітапты табуға болады. Әсіресе, балаларға арналып жазылған кітаптар көздің жауын алады. Дегенмен қазіргі заман ағымына қарай, техниканың дамығанына орай кітап оқу мүлдем қалып барады. Менің ойымша, осы мәселені барынша қолға алып, кітап дүкендерін қазіргі жастарға қызықты жазылған кітаптармен толықтырса, жастарды кітап оқуға үгіттеу жұмыстары жүргізілсе, бұл мәселе оң шешімін табады деп ойлаймын.  

Сонда өскелең ұрпақтың кітапқа оқуға деген қызығушылығы арта түсер деп ойлаймын.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?