В
Все
Х
Химия
В
Видео-ответы
А
Алгебра
Г
Геометрия
О
ОБЖ
Д
Другие предметы
У
Українська література
Р
Русский язык
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
Э
Экономика
Ф
Физика
М
Математика
Ф
Французский язык
Г
География
И
Информатика
М
МХК
О
Окружающий мир
П
Психология
Н
Немецкий язык
О
Обществознание
П
Право
И
История
М
Музыка
Л
Литература
Қ
Қазақ тiлi
Б
Биология
А
Английский язык
katrin20005
katrin20005
02.04.2021 10:55 •  Қазақ тiлi

Ел рәміздері-елдігіміздің басты нышандары

Ответ:
darinchiiik
darinchiiik
30.06.2020 07:59

Шығарма.

Ел рәміздері - елдігіміздің басты нышандары.

1992 жылдың 4-маусымы – еліміз үшін тарихи күн. Сол кездегі Республика жоғарғы Кеңесі тәуелсіз Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын бекітті. Кез келген мемлекеттің тәуелсіздік пен елдігінің белгісі – рәміздері болып табылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – Ту, Елтаңба және Әнұран.

Еліміздің рәміздерін жасауға байқау жарияланып, бүкіл Қазақстан халқы ат салысқан болатын. Мемлекетті туымыздың авторы – еліміздің өнер қайраткері Шакен Ниязбеков.

Жалауды айқындайтын элементтердің бірі – оның түсі. Көк түстің таңдалуы кездейсоқтық емес, ол – адалдықтың, мінсіздіктің және сенімділіктің белгісі. Бірлікпен бірге көк түс барлық елдердің тыныштығы мен ырысын білдіретін бұлтсыз аспан. Аспандай ашық көк түс, қазақтардың ұлттық түсі. Өйткені көшпенді қазақтар үшін табиғат, мекендеу ортасы ғана емес, сонымен қатар өмірінің ажырамас бөлігі болатын.

Елтаңбамыздың авторлары - Жандарбек Мәлібеков пен Шота  Уәлиханов. Мемлекеттік  елтаңбаның негізіне шаңырақ алынған.  Шаңырақ әлемнің біртұтастығын, мемлекетің бастауы, отбасы ошағын бейнелейді. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Олар – мамыражай шуақты өмір мен жылылықтың белгісі. Оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнеленген. Тұлпардың алтын қанаттары – астықтың,тоқшылықтың және материалдық ырыс- несібенің белгісі. Елтаңбаның ортасында бес бұрышты көлемді жұлдыз – біздің жүрегіміз бен құшағымыз барлық бес құрлық өкілдеріне ашық деген сөз.

Еліміздің Әнұраны - «Менің елім» өлеңі, Әнұранның авторлары – Шәмші Қалдаяқов (әні), Жұмекен Нәжімеденов және тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан туымен тұғырлы, елтаңбасымен еңселі мемлекет. Ұлттық рәміздеріміз елдігіміздің нышаны, еліміздің бейнесі, әрбір Қазақстан азаматы үшін биік те қастерлі ұғым.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?