В
Все
Х
Химия
В
Видео-ответы
А
Алгебра
Г
Геометрия
О
ОБЖ
Д
Другие предметы
У
Українська література
Р
Русский язык
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
Э
Экономика
Ф
Физика
М
Математика
Ф
Французский язык
Г
География
И
Информатика
М
МХК
О
Окружающий мир
П
Психология
Н
Немецкий язык
О
Обществознание
П
Право
И
История
М
Музыка
Л
Литература
Қ
Қазақ тiлi
Б
Биология
А
Английский язык
Alex228345290
Alex228345290
26.07.2021 23:40 •  Қазақ тiлi

Можете по этому тексту составит вопросы дать ответы и перевести Пиелонефрит

Пиелонефрит - бүйрек түбегі ұлпасының қабынуы. Бұл- бүйректің ең жиі кездесетін ауруы. Бұған несеп жолдарының тарылуы, қысылуы және несептің жүруін бұзатын басқа да себептер әсер етеді. Өту сипаты бойынша жедел, толқын тәрізді және ланетті пиелонефрит болып бөлінеді. Жедел пиелонефрит кенеттен басталады. Пиелонефриттің жедел түрінің негізгі белгілері: дене қызуы жоғарылауы, белдің ауруы, құсу. Зертханалық зерттеулер жүргізгенде қанда лейкоциттердің көбейгені анықталады. Несеп кейде макроскопияның өзімен-ақ қою көрінеді, акуыз саны қалыпты немесе аздап көбірек болады, сондай-ақ, бактериялар көбейгені байқалады, бірлі- жарым эритроциттер кездеседі.

Алғашқы күндерден бастап антибактериялық және қабынуға қарсы терапия жүргізу қажет. Антибиотиктер алғашқы 10-14 күнде енгізіледі, одан соң препараттарды ауыстырады. Сульфаниламидтік препараттарды 3-4 күннен үзіліс жасап, 7-10 күн пайдаланады. Міндетті түрде витаминдер: ретинол, аскорбин қышқылы, В тобының витаминдері, пангам қышқылы В15 витамині тағайындалады.

Толқын тәрізді, қайталанбалы ауру кезінде науқастың халі ұзақ уақыт бойы қанағаттанарлық болуы мүмкін. Тек асқыну кезінде ғана дене қызуы көтеріліп, халі нашарлайды, белі ауырады. Қабыну үрдісінің үдей түсуі нефрондар қызметінің бұзылуы мен бүйрек кемістігіне әкеп соғады.

Латентті ауру жағдайында пиелонефриттің белгілері азырақ кездеседі, көбінесе жылдар бойы анықталмай қалады. Ол кейде қайсыбір жедел ауру жағдайында кездейсоқ анықталады. Науқастың шағымдарында әдетте шаршағандықты, тәбеттің болмауын, кейде іштің ауруын, дене қызуын көрсететін белгілер болады.

Алдын алу. Бұл - науқасты дұрыс тамақтандыру, жұқпалы аурулардан абай болу, сондай-ақ ағзадағы инфекция ошақтарын дер кезінде жойып, несеп жолдарының туа біткен ауыткуларын анықтау.

Ответ:
tatarchenko04
tatarchenko04
31.12.2021 07:32

1. Пиелонефрит деген не?

(Пиелонефрит - бүйрек түбегі ұлпасының қабынуы)

2. Өту сипаты бойынша қалай бөлінеді?

(Өту сипаты бойынша жедел, толқын тәрізді және ланетті пиелонефрит болып бөлінеді)

3. Пиелонефриттің жедел түрінің негізгі белгілері қандай?

(Пиелонефриттің жедел түрінің негізгі белгілері: дене қызуы жоғарылауы, белдің ауруы, құсу.)

4.Қабыну үрдісінің үдей түсуі неге әкеп соғады?

(нефрондар қызметінің бұзылуы мен бүйрек кемістігіне әкеп соғады)

5. Алдын алу үшін не істеу керек?

(науқасты дұрыс тамақтандыру, жұқпалы аурулардан абай болу, сондай-ақ ағзадағы инфекция ошақтарын дер кезінде жойып, несеп жолдарының туа біткен ауыткуларын анықтау)

Перевод:

1. Что такое Пиелонефрит?

(Пиелонефрит-воспаление почечной ткани)

2.как распределяется по характеру прохождения?

(По характеру протекания подразделяется на острый, волнообразный и ланетный пиелонефрит)

3. каковы основные симптомы острой формы пиелонефрита?

(Основные симптомы острой формы пиелонефрита: повышенная температура тела, боль в пояснице, рвота.)

4. к чему приводит ускорение воспалительного процесса?

(приводит к нарушению функции нефронов и почечной недостаточности)

5. Что делать для профилактики?

(правильное питание больного, осторожность с инфекционными заболеваниями, а также своевременное устранение очагов инфекции в организме, выявление врожденных аномалий мочевыводящих путей)

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?