В
Все
Х
Химия
В
Видео-ответы
А
Алгебра
Г
Геометрия
О
ОБЖ
Д
Другие предметы
У
Українська література
Р
Русский язык
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
Э
Экономика
Ф
Физика
М
Математика
Ф
Французский язык
Г
География
И
Информатика
М
МХК
О
Окружающий мир
П
Психология
Н
Немецкий язык
О
Обществознание
П
Право
И
История
М
Музыка
Л
Литература
Қ
Қазақ тiлi
Б
Биология
А
Английский язык
mchermakov17
mchermakov17
27.02.2020 09:45 •  Қазақ тiлi

Мне надо написать про город Нур султан на казахском. много не надо

Ответ:
лпрпаи
лпрпаи
25.11.2021 12:30

Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстанның құрғақ дала аймағында орналасқан. Қала аумағы төменгі жайылма террассалар болып табылады. Есіл өзені – астананың негізгі су артериясы болып  табылады. Климат күрт құбылмалы – суық әрі ұзаққа созылған қыс және ыстық, орташа құрғақ жаз. Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласының аумағы 722 шаршы километрден астам, халқының саны 1010000 астам адам.

Нұр-Сұлтан қаласының архитектуралық көрінісі Шығыс пен Батыстың мәдени дәстүрлерін бейнелейтін арнайы еуразиялық стильде жасалды. Елорда мастер-жоспарының авторы атақты жапон сәулетшісі Кисе Курокава болды. Қала үш ауданнан тұрады: «Алматы», «Сарыарқа» және «Есіл».

Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан қаласы – белсенді, талантты және жігерлі жастар үшін жаңа мүмкіндіктер мен тартымды қала. Қазақстанның астанасы еліміздің басты білім беру және ғылыми алаңы болып табылады және білім, ғылым және инновацияның өңірлік орталығы болуға ұмтылады.

Тарихи өлшем бойынша жас қаланың мәдени өмірі қанық және қызықты. Оның мұражайларында, театрларында және концерттік залдарында ұлттық және заманауи өнер үйлесімді синтезделеді.

Нұр-Сұлтан қаласының көрікті жерлері

 Бәйтерек. «Астана-Бәйтерек» монументі – Нұр-Сұлтан қаласының негізгі көрікті жерлерінің бірі және қаланың басты нышаны болып табылады. Қазақ тілінен аударғанда «Бәйтерек» теректі білдіреді. Осылайша, Бәйтерек өзінің тарихи тамырларын сақтап қалған, болашақтағы өркендеуге ұмтылатын және бүкіл әлем қоғамдастығына тәуелсіз Қазақстанның нышаны болып табылады.

Сулы-Жасыл Желекжол – Хан-Шатырдан «Ақ Орда» Президенттің резиденциясына дейін созылған бұл желекжол қызықты қалалық пейзаждарды көру үшін ең әдемі жаяу жүру аймағы болып табылады. Бұрқақтар, өнер туындылары, мейрамханалар, шағын дәмханалар, дүкендер – осының бәрін Сіз осы жерден таба аласыз.

Қазақстанның Ұлттық мұражайы – Орталық Азиядағы ең жас және үлкен мұражай болып табылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайына келесі залдар кіреді: Астана Залы, Тәуелсіз Қазақстанның Залы, алтын Зал, ежелгі және орта ғасырлар Залы, тарих Залы, этнография залы, заманауи өнер Залдары. Ұлттық мұраны зерделеу мұражай құрылымы ғылыми-зерттеу институтымен көрсетілген. Сонымен қатар, балалар мұражайы, балалар көркем орталығы, екі көрме залы, жаңғырту шеберханалары, зертханалар, кәсіби қоймалар, оқу залы, конференц-зал, кәдесый киоскілері бар ғылыми кітапхана орналасқан.

0,0(0 оценок)
Ответ:
1LOSI1
1LOSI1
25.11.2021 12:30

Нұр-Султан қаласы еліміздің оңтүстік бөлігіндегі Қазақстан ауданында орналасқан. Терроризм - бұл ерекше қасиеттердің кең спектрін ұсынатын қала. Ишемиялық компанияда сәулет өнерінің жаңа әлемі бар. Климатқа негізделген желі - Гормон және Процессор және Коммодор, Шумерикалық танымал сайт.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?