В
Все
Х
Химия
В
Видео-ответы
А
Алгебра
Г
Геометрия
О
ОБЖ
Д
Другие предметы
У
Українська література
Р
Русский язык
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
Э
Экономика
Ф
Физика
М
Математика
Ф
Французский язык
Г
География
И
Информатика
М
МХК
О
Окружающий мир
П
Психология
Н
Немецкий язык
О
Обществознание
П
Право
И
История
М
Музыка
Л
Литература
Қ
Қазақ тiлi
Б
Биология
А
Английский язык
Анкляка
Анкляка
29.11.2021 21:28 •  Қазақ тiлi

3-тапсырма. Тірек сөздердің көмегімен Астанадағы Қала күні мерекесінің тойлануы туралы сөйлем құрастырып жаз. Ұлт аспаптар оркестрі, ұлттық өнер, мерекелік концерт, мерекелік отшашу

Ответ:
Makarzzz
Makarzzz
20.12.2021 16:26

Астана күні қалай тойланады?

Астана – тәуелсіз еліміздің бас қаласы, отанымыздың жүрегі, мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы. Арқаның төрінде сылдырап аққан Есілдің жағалауында орналасқан айбынды Астанамыз жас та болса, болашағынан зор үміт күттіретін қала.

Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады. Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті.

Астана күні елімізде мемлекеттік мереке саналады, әр жылдың 6 шілдесінде қала күні аталып өтіледі. Жыл сайын бұл күні бүкіл Қазақстан бойынша ауқымды іс – шаралар өткізіледі: ұлт аспаптар оркестрінің концерттері, көрмелер, халықтық серуендер, спорттық сайыстар, ұлттық ойындар, ұлттық өнер фестивальдері ұйымдастырылады. Елордаға алыс – жақын шетелдер мен еліміздің барлық аймақтарынан қонақтар мен әртістер келіп, мерекелік концертке қатысады. Қала күні қарсаңында басталған мерекелік іс – шаралар айдың соңына дейін жалғасын табады. Бұл күні жас жұбайлар отау тігуді де дәстүрге айналдырған. Мерекенің соңы мерекелік отшашумен аяқталады.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?