В
Все
Х
Химия
В
Видео-ответы
А
Алгебра
Г
Геометрия
О
ОБЖ
Д
Другие предметы
У
Українська література
Р
Русский язык
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
Э
Экономика
Ф
Физика
М
Математика
Ф
Французский язык
Г
География
И
Информатика
М
МХК
О
Окружающий мир
П
Психология
Н
Немецкий язык
О
Обществознание
П
Право
И
История
М
Музыка
Л
Литература
Қ
Қазақ тiлi
Б
Биология
А
Английский язык
123456471
123456471
31.01.2022 00:26 •  Қазақ тiлi

ЖАзылым 3-тапсырма. Алаш арыстарының қанатты сөздерін пайдала- нып, «Алаш идеясы» тақырыбында эссе жазыңдар !!

Ответ:
Adi37
Adi37
12.09.2021 06:00

Объяснение:

«Алаш идея­сы» – қа­зақтың мемлекеттік, елдің ұлт­тық идеясы. Өйткені Алаш - халқымызды бесігінде тербетіп, есейіп ат жалын тартып мінгенде бойына күш-қуат және сенім берген ұлттық идея. Алаш - ұлттың өзін бөлінбес тұтас жер, яғни территория ретінде сезінуі. Алаш - ұлттың аспан асты, жер үстінде өз орны бар ел ретінде өз еншісі мен үлесін анықтау харакеті. Зия­лы­лар­дың Алаш атауын таңдауы да жай­дан-жай емес еді. Алаш жаңа елдігіміздің, байырғы айма­ғы­мыз­дың рәмізі еді. ХХ ғасырда қазақтың азаматтық тарихында ең ұлы идея қайсы десек, ол – Алаш идеясы деп жауап беруге болады. Бүгінгі тәуелсіздігіміздің негізі де осы идеяда жатыр. Алаш идеясы үшін күрескен кезең – 1907 жылдан 1930 жылға дейінгі 30 жылдай уақытты ғана қамтыған. Аз болса да ғасырға тең уақыт. Алаштың сер­келері – Әлихан Бө­кей­ханов, Мұстафа Шоқай, Ахмет Бай­тұрсынұлы, Халел Дос­мұ­хамедұлы, Міржақып Дулатұлы, Халел Ғаб­бас­ұлы, Мұхамеджан Тыныш­бай­ұлы. Алаш зиялыларының алдыңғы толқыны болып есептелетін осынау тұлғалардың әрбірі мемлекет басқаруға қабілетті еді. Қазақ тарихында Алаш арыс­тарының орны ерекше. Олар Қазақ елінің сан ғасырлық даму тәжірибе­сін, салт-дәстүрін төңкерістік әдіспен күрт өзгертуді емес, қайта оларды өр­кениетті елдердің өмір тәжірибесін ескере отырып, одан әрі дамытуды, білім алып, көппен терезе теңестіруін көздеді. Ең алдымен, қазақтың өз атамекеніне ие болуын мақ­сат етті. Сол жолда күресті. Сонымен қатар елге демократия, білім-білік алып келу үде­рісі­нің бастауында тұрғандар да – солар болды. Алаш зиялылары – елшілдік пен Отанға адал қызмет етудің рәмізі. Олар – барды көбейтуші, үзілгенді жалғастырушы, жоқты жасаушы. Алаш қозғалысының тарихи негізі Ресей отаршылдығының қазақ жеріндегі аса асқынған кезеңінен басталды десек те, Алаш идеясы одан әлдеқайда бұрын өмірге келіп, күні бүгінге дейін елім, жерім деп ұлт болашағын ойлаған әрбір қазақ жүрегінің терең түкпірінен орын тепкен. Өйткені Алаш қозғалысы қазақ қауымындағы отаршылдыққа қарсы бағытталған, прогреске ұмтылған жал­пыхалықтық демократиялық қозғалыс еді. Қазақ халқының үздік білім алған, кең ойлы патриот саңлақтарының пай­да болуымен тұңғыш ұлт­тық Алаш үкіметі құрылып, қазақтың саяси идеясының негізі қаланды.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?