В
Все
Х
Химия
В
Видео-ответы
А
Алгебра
Г
Геометрия
О
ОБЖ
Д
Другие предметы
У
Українська література
Р
Русский язык
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
Э
Экономика
Ф
Физика
М
Математика
Ф
Французский язык
Г
География
И
Информатика
М
МХК
О
Окружающий мир
П
Психология
Н
Немецкий язык
О
Обществознание
П
Право
И
История
М
Музыка
Л
Литература
Қ
Қазақ тiлi
Б
Биология
А
Английский язык
пума060
пума060
15.03.2020 10:24 •  Қазақ тiлi

Төменде берілген тақырыпқа жазба жұмысын орындаңыз. Жазылым жұмысында тақырыптан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көркемдегіш құралдарды орынды қолданып, үстеудің мағыналық түрлерін ажыратып, синонимдік қатарларын түрлендіріп жазыңыз. [5] 1. «Ғимараты ерекше кітапханалар» Абзац түрлерін сақтап, үстеудің мағыналық түрлерін қолданып эссе жазыңыз. Көлемі 120-140 сөз ​

Ответ:
Онелик
Онелик
17.06.2021 22:16

«Наданмен дос болғанша, кітаппен дос бол» деп Бауст айтса, «Кітап – асып-таспайтын асыл досымыз» деп Гюго айтқан. Толстойдың өзі: «Жақсы кітап – ақылды адаммен әңгімелескенмен бірдей» деп жазып кеткен. Ендеше кітаптан асқан даналық бар ма? Ал олардың отаны – кітапхана.

Кітапхана – адамның демалатын жері. Бұл сөздің бірнеше мәні бар: кітап оқып демалу бар, тыныштықта отырып демалу бар. Себебі кітапханада әлемдегі ең саналы және ең ақылды адамдар бас қосады. Ал әлемде сәулеті ерекше салынған кітапханалар бар.

Канзас-Сити, АҚШ

2004 жылы Казнас-Ситидегі Қоғамдық кітапхана қаңырап жатқан Бірінші ұлттық банктің ғимаратына ауыстырылды. Екі жыл өткеннен кейін дәл сол ғимараттың қасына көлік тұрағы салынды. Ал бұл сол ғимараттың архитектуралық сәніне қарама-қайшылық тудырды. Мұны ескергендер сол жерден үлкен қылып, кітап үлгісіндегі қамал тұрғызды. Ол жерден көлік тұрағы көрінбейтін болды.

Тұрғызылған кітап қамалдағы әр кітаптың биіктігі – 8 м, ені – 2 м. Кітаптар тізбегінде әлемге әйгілі классиктердің аттары жазылған. Ал кітапхананың ішкі құрылысы бұрынғы банктің үлгісінде қалды.

Pargue Espana, Колумбия

Колумбияның Медельин қаласы өткен жүз жылдықтың ең лас және кокаинмен айналысатын қарақолдардың қаласы ретінде есте қалды. Жергілікті билік бұл түсінікті жою үшін қалаға мәдени құрылыс керектігін алға тартады.

2007 жылы Джанкарло Маззантидің жобасымен Медельин қаласында Pargue Espana кітапханасы бой көтерді. Кітапхананың ерекшелігі – сәулетінде. Жартас секілді соғылған ғимарат ішіне адамдар кітап оқуға келеді.

Луи Нюсера, Франция

Жер бетіндегі құрлысы жағынан ең керемет және ең ерекше кітапхана Францияда орналасқан. Ивом Байяром мен Франсисом Шапюдің жобасы негізінде бұл кітапхана 2002 жылы салынды. Кітапхананың ерекшелігі адамның жартылай басы мен миы түрінде қаланған.

Сандро Пенн атындағы кітапхана, Италия

«Бізге өзге ғаламшарлықтар келіпті!» дейтін сөзді сіз Италияның Перудже қаласына барсаңыз айта аласыз. Себебі мұндағы алып кітапхананың ерекшелігі өзге ғаламшарлықтардың көлігіне сәйкестендіріліп жасалған.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?