В
Все
Х
Химия
В
Видео-ответы
А
Алгебра
Г
Геометрия
О
ОБЖ
Д
Другие предметы
У
Українська література
Р
Русский язык
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
Э
Экономика
Ф
Физика
М
Математика
Ф
Французский язык
Г
География
И
Информатика
М
МХК
О
Окружающий мир
П
Психология
Н
Немецкий язык
О
Обществознание
П
Право
И
История
М
Музыка
Л
Литература
Қ
Қазақ тiлi
Б
Биология
А
Английский язык
Marry888
Marry888
25.04.2021 03:35 •  Қазақ тiлi

Бен шылау. 32. Оқыған мәтін бойынша тірек сөздерді пайдаланып, «Мәңгілік
ел болашағы» тақырыбында эссе жаз.
Тірек сөздер: Мәңгілік ел, ата-баба арманы, болу, мұра-
тымыз, аға ұрпақ өкілдері, күш, бірлікте, тіл, салт-дәстүр,
кейінгі буын, сақтау, болашақта.​

Ответ:
tasinas
tasinas
12.05.2021 07:30

Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыз­дың сан мың жылдан бергі асыл ар­маны. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем кар­тасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз ­Мемлекет атану еді.

Ол арман – тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қа­райтын бақытты Ел болу еді. Біз арман­дарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – Мәңгілік Ел идеясы. Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – Мәңгілік Елордамызды тұрғыздық. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі оны ұстап тұру әлдеқайда қиын. Бұл әлем кеңістігіне ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағды­рын құрдымға жіберген. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай, жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама.Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз. Ол сабақтың түйіні біреу ғана – Мәңгілік Ел болу. Бұл үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтасақ қана Мәңгілік Ел бола аламыз. Біз – Мәңгілік Елдің білімді де саналы, сауатты ұрпағын тәрбиелеу оларға сапалы білім беру жолында тынбай, аянбай еңбек етіп келеміз. Бүгінгі төгілген маңдай тер ертеңгі өскелең ұрпақтың болашағына жұмсалатын алтыннан да қымбат қазынасына айналады.Еліміздің гүлденуі мен әрі қарай дамуына, көркеюіне үлесімізді қосуымыз керек. Артылған үміт пен сенімнің жүгі қанша ауыр болмасын, сан қилы, сан қырлы соқпақты жолдар болса да қазаққа тән қайсар мінезбен тайсалмай көтеріп өтуіміз тиіс!

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?