В
Все
Х
Химия
В
Видео-ответы
А
Алгебра
Г
Геометрия
О
ОБЖ
Д
Другие предметы
У
Українська література
Р
Русский язык
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
Э
Экономика
Ф
Физика
М
Математика
Ф
Французский язык
Г
География
И
Информатика
М
МХК
О
Окружающий мир
П
Психология
Н
Немецкий язык
О
Обществознание
П
Право
И
История
М
Музыка
Л
Литература
Қ
Қазақ тiлi
Б
Биология
А
Английский язык
Игорь5002
Игорь5002
07.10.2020 09:12 •  Қазақ тiлi

Талғат Бигелдинов эссе пажж​

Ответ:
lera933737
lera933737
08.05.2021 19:44

Қазақтың текті қыраны, жеті қат көкте жаумен қисапсыз жағаласқанда жүрегі әсте шайлығып көрмеген, ел бағына туған қаһарман ұланы Талғат Бигелдинов Кеңес одағы батыры атағын екі мәрте алған қазақ халқының мақтанышы.

Әскери әуе жолдарын бағындырған, аспан адамы атағына ие болған қаһарман атамыздың есімі әлдеқашан-ақ сол аспан биігіне дейін шарықтап кетті. Анталаған жауға тұтқиылдан соққы беріп, есеңгіреткен есіл ер өз өмірінде 305 рет көкке көтерілген  екен.  

Бұрынғы Ақмола - Қараөткел төңірегіндегі атақоныс, қазіргі Астана әуежайының орнындағы ескі Майбалық ауылында, Бигелді қарттың әулетінде қазақтың болашақ даңқты ұшқышы Талғат Бигелдинов дүниеге келген.

Бигелді атасының 101 жасап қайтқан қарындасы – Қадиша әжесі кішкентай Талғатты керемет жақсы көрді, бар мейірімін төге тәрбиеледі. Әкелері 1931-1932 жылдардағы ашаршылық қысыңқыраған уақыттарда еттірілік танытып, колхоздан жалға жер алып, тау жақтағы ай далада пияз, жүгері екті. Үй іші алты ай жаз бойы тайлы-тұяғымен түгелдей егістік басында болады. Сонда әжесімен бірге қалып, үйді қарайтын, бие мен сиырды бағып, сауатын да Талғат еді. Осылай еңбекке, елгезектікке баулынды. Қара жұмысқа қаршадайдан қатып-пісіп шынықты.

Талғат Жақыпбекұлы соғыста 305 рет жеңіске жетті, жауынан мерейін 305 рет үстем етті. Ерліктің мақсаты әрдайым жеңіске жетіп отыру болса, сол қасиетті мақсат биігіне Бигелдинов мәрттікпен көтеріле білді. Ол жер жастандырған жау саны, талқандаған техника мен жабдық-жарақ, дұшпанды ойрандатқан шығын молая берді. Бір өзі алғашқы он ұшу жорығында-ақ, дұшпанның Демьян тобындағы 10 автомәшинесін, 2 зеңбірек, 4 дзотын, 100 шақты гитлершіл мен бір жойғыш-қырғиын құртып жіберген. Сол ерлігі үшін ең алғаш рет Екінші дәрежелі Отан соғысы орденін алды.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?