В
Все
Х
Химия
В
Видео-ответы
А
Алгебра
Г
Геометрия
О
ОБЖ
Д
Другие предметы
У
Українська література
Р
Русский язык
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
Э
Экономика
Ф
Физика
М
Математика
Ф
Французский язык
Г
География
И
Информатика
М
МХК
О
Окружающий мир
П
Психология
Н
Немецкий язык
О
Обществознание
П
Право
И
История
М
Музыка
Л
Литература
Қ
Қазақ тiлi
Б
Биология
А
Английский язык
милана5555555
милана5555555
03.05.2021 10:10 •  Қазақ тiлi

Эссе на тему " Песня жить " 100-120слов на казахском​

Ответ:
Ilfar1234
Ilfar1234
19.03.2021 06:50

Объяснение:

Кез келген ұлттың өзіндік кескін-келбеті мен болмыс-бітімін айқындай­тын ұғымды оның өзіне тән ұлттық мә­дениеті дейтін болсақ, қазақ мәде­ниетіндегі ән өнерінің алар орны ерекше. Данышпан Абайдың “Туғанда дүние есігін ашады өлең, Өлеңмен жер қойнына кірер денең” деген сөздері қазақ өмірінің бүкіл тыныс-тіршілігі өлеңмен өрнектелетінін айқын көрсетеді. Шындығында сәби дүниеге келгенде “бесік жырымен” әлди­леп қарсы алып, адам дүниеден өткенде “жоқтау” айтып шығарып саламыз. Қа­дым ғасырлар қойнауынан басталатын осы тамаша дәстүр әлі күнге дейін жал­ғасын тауып келеді. Бүгінгі күн жас­тарының тойы да “жар-жар”, “бет­ашар­мен” өтетіні ата-баба салтына адалдықтың айқын көрінісі іспеттес. Орыстың тамаша ғалымы Г.Потаниннің “Маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай көрінеді” деген сөзі қазақ тұрмысының осындай даралығынан туған тұжырым болса керек. Ұлтымыздың аса бай ән өнерін да­мытуға Абай бастаған, Біржан сал, Ақан сері, Мұхит, Балуан Шолақ, Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырай, Әсет, Естай, Нар­­тай, Кенен сияқты халық композитор­лары өл­шеусіз үлес қосып, оны сапалық жаңа биікке көтерді. Олардың мол шығармашылық мұрасы қазақ операсы мен балетінде және классикалық музы­калық туын­дыларда кеңінен пайдала­нылып, әлемнің ең әйгілі му­зы­катану­шы­лары тарапынан жоғары бағаға ие болды. Жобада Арқа, Жетісу, Маңғыстау, Сыр өңірі, Батыс Қазақстанның дәс­түрлі ән мектептерімен қатар, Қытай мен Моңғолияда тұратын қандас­та­рымыздың шығармашылығының көрініс тапқаны антологияда халқымыздың дәстүрлі ән өнерінің мейлінше мол қам­тылғанының белгісі деп білемін. Осы тұрғыдан келгенде қазақтың ғұрыптық өлең-жырларынан бастап, әйгілі халық компози­тор­ла­ры шығарма­ларын тұтас қамтыған “Қазақтың дәстүрлі 1000 әні” бірегей жобасын ұлт­тық музыка мә­дениеті тарихындағы айтулы оқиға деп баға­лаймын.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?