В
Все
Х
Химия
В
Видео-ответы
А
Алгебра
Г
Геометрия
О
ОБЖ
Д
Другие предметы
У
Українська література
Р
Русский язык
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
Э
Экономика
Ф
Физика
М
Математика
Ф
Французский язык
Г
География
И
Информатика
М
МХК
О
Окружающий мир
П
Психология
Н
Немецкий язык
О
Обществознание
П
Право
И
История
М
Музыка
Л
Литература
Қ
Қазақ тiлi
Б
Биология
А
Английский язык
zver35
zver35
20.06.2020 00:15 •  Қазақ тiлi

1. «Болашақ мамандықтары: кім боламын?» тақырыбында эссе жазыңдар. ​

Ответ:
катя19052
катя19052
02.04.2021 12:44

Мамандық таңдау – маңызды іс. Уақыт өте дәстүрлі мамандықтар сұраныстан айырылып, жаңа маман иелері пайда болады. Заманның ағынынан қалмай, жаңадан пайда болатын болашақ мамандықтарға дағдыланайық.

Наномедицина қызметкері – адам денесінің мүшелерін қайта жасайтын маман. Ғылым жетістіктері этикасының маманы. Бұл кісі адамдарды клондау, өлілерді тірілту сынды адам өмірі мен өлімінің этикасына қатысты мәселелерді шешу керек. Ғалымдардың ойлауынша, ол уақытқа дейін өмір мен өлім адам қолында болады екен.

Ғарыш туризм мамандары: ұшқыштар, бортинженерлер мен гидтар. Дамыған технология ғарышқа саяхаттауға мүмкіндік беріп, жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді. Жер болашақта үлкен құндылыққа айналып, жерді үнемдеу өмірдің кез келген саласында байқалады. Өндіріс пен шаруашылық көп жерді алмас үшін, «тігінен тұратын фермалар мен өндіріс орындары» көбейеді. Осы салада жұмыс істей алатын мамандардың қажеттілігі де артады.

Жеке бренд-менеджер. Қазіргі пиар-менеджерлері сияқты белгілі біреу туралы басқалар арасында жақсы ой қалыптастыруға тырысады. Қазірде мұндай жұмысшы жұлдыздарда ғана болса, болашақта әр адамның өз бренд-менеджері пайда болады.

Осылардың ішінен мен жеке бренд-менеджері болғым келеді. Оны таңдаған себебім; бірде-бір компания менеджерсіз өмір сүре алмайды, себебі ұйым пайда болған сәтте оны басқаруға қажеттілік те пайда болады. Менеджерлердің атқаратын қызметі - басқару: персоналды басқару, қаржылық ағымды басқару, жобаларды басқару, ұйымды басқару және тағы басқа.

Болашақта қабілетті, елінің дамуына үлес қосатын мамандардың пайда болуы жастардың қолында. Әр адам дұрыс таңдау жасау керек. Менің таңдауым – жеке бренд-менеджері.

Объяснение:

надеюсь ))

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?