В
Все
Х
Химия
В
Видео-ответы
А
Алгебра
Г
Геометрия
О
ОБЖ
Д
Другие предметы
У
Українська література
Р
Русский язык
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
Э
Экономика
Ф
Физика
М
Математика
Ф
Французский язык
Г
География
И
Информатика
М
МХК
О
Окружающий мир
П
Психология
Н
Немецкий язык
О
Обществознание
П
Право
И
История
М
Музыка
Л
Литература
Қ
Қазақ тiлi
Б
Биология
А
Английский язык
SuperLeonellus123
SuperLeonellus123
29.12.2021 00:54 •  Қазақ тiлi

Жауап бер Қандай ескерткіштер
Дүниежүзілік маңызға ие болады деп
Oйлайсыңдар??​

Ответ:
danilatnt
danilatnt
24.03.2021 06:51

Басты бет Интерактив ҚАЗАҚ ТАРИХЫНА ҚАТЫСТЫ ШЕТЕЛДЕГІ 5 ЕСКЕРТКІШ

ҚАЗАҚ ТАРИХЫНА ҚАТЫСТЫ ШЕТЕЛДЕГІ 5 ЕСКЕРТКІШ

24 Мамыр 2020 803

 

ОРХОН-ЕНИСЕЙ ЕСКЕРТКІШТЕРІ

Қазіргі Моңғолия жеріндегі Орхон-Енисей ескерткіштері — көне түркі жазба тарихи-мәдени құндылықтары. Мұндағы жазулар сыры көп уақытқа дейін беймәлім, қай тілде жазылғандығы белгісіз болып келген. Орхон-Енисей жазбаларын ғылымда руналық жазбалар деп те атайды. 1893 жылы ғана даниялық ғалым В. Томсенқұпия жазуды оқудың кілтін ашады. Біраз жылдардан кейін орыс ғалымы В.В. РадловОрхон өзені бойынан табылған үлкен тастардағы жазуды толық оқып, аударып шықты. Орхон-Енисей жазбалары Шығыс Түркі қағанатының қағаны Білге мен оның інісі Күлтегін қабірлеріне қойылған орасан зор құлпытастарға қашап жазылған жыр жолдарынан тұрады.  

 

БҮРКІТ ҰСТАҒАН ҚАЗАҚ  

«Бүркіт ұстаған қазақ» деп аталатын мына мүсін Француз Ривьерасындағы Ментон қаласының ботаника бағында тұр. Оны Ресейде қалып қойған Наполеон армиясының солдаты Евгений Лансер (1848-1886) деген шебер құйған. Мүсінді император Александр үшінші кезінде Францияға тарту еткен... Мүсінші 38 жасына дейін ол осындай 400-ге жуық шығарманың авторы атаныпты. Лансердің жұмыстарының ішінде украиналықтардың, Кавказ бен Орталық Азия халықтарының тұрмысы бейнеленген мұндай туындылар көп.

 

ҚАЗАҚ КӨШІ  

Бұл – Қытайдағы бұрынғы Сарсумбе, қазіргі Алтай қаласында орнатылған ерекше ескерткіш. Қыран өзенінің жағасына қойылған тамаша ансамбль қазақ өмірін, шаруашылығынан сыр шертеді. Әсіресе көштің сән-салтанатын барынша нанымды суреттейді.  

 

БАЙБАРЫС МЕШІТІ  

Байбарыс дарынды қолбасшы ғана емес, өз дәуірінде зәулім ғимараттар, көрнекті мешіттер, биік қорғандар мен қамалдар салдырған дана басшы болды. Ғимараттардың бірқатары сақталған. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Ерекше ерлігі, асқан ақылымен құлдықтан хандыққа дейін көтерілген. Египеттей алып елді 17 жыл бойы билеп, моңғол жаулаушыларынан крест жорығын бастаушылардан жалпы араб әлемін сақтап қалған біздің ұлы бабамыз Байбарыстың бала кезінде тұтқынға осы Атырау бойынан әкетілгені, өзінің сүйегі осындағы Беріш тайпасынан екенін көптеген тарихшылар кезінде жазып қалдырған. Мен ана жалы Мысыр еліне барғанымда Байбарыс салдырған мешітте Құран оқыттым. Даңқты бабамызды арабтардың қалай құрмет тұтатынын өз көзіммен көрдім», – деген болатын.  

 

ЖӘНІБЕК ХАННЫҢ ДУЛЫҒАСЫ  

Атақты Жәнібек ханның дулығасы АҚШ-тағы «Метрополитен» өнер музейінде сақталыпты. Жақында ғана жарияланған бұл дулығаны АҚШ ғалымдары Алтын Орда ханы Жәнібек ханға тиесілі болуы мүмкін дейді. Оған дулығаның төменгі жағында араб әріптерімен жазылған жазу айқын дәлел. Дулыға темірден жасалған, биіктігі 20-23 сантиметр, диаметрі 22 сантиметр, үстіңгі жағы үшкір қырлы болып келеді, ал, төменгі жағында араб әріптерімен ойылып, күміспен көмкеріліп «Жеңімпаз сұлтан Махмұд Жәнібек хан» деп жазылыпты. Сонымен қатар дулыға Қазақстанда табылған 84 дулығаның ішінде тарихи құндылығы жағынан алғашқы бестікке кіреді екен.

 

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?