В
Все
Х
Химия
В
Видео-ответы
А
Алгебра
Г
Геометрия
О
ОБЖ
Д
Другие предметы
У
Українська література
Р
Русский язык
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
Э
Экономика
Ф
Физика
М
Математика
Ф
Французский язык
Г
География
И
Информатика
М
МХК
О
Окружающий мир
П
Психология
Н
Немецкий язык
О
Обществознание
П
Право
И
История
М
Музыка
Л
Литература
Қ
Қазақ тiлi
Б
Биология
А
Английский язык
evauvanova1998
evauvanova1998
13.04.2023 11:55 •  Қазақ тiлi

Менің атам майдангер тақырыбына ұзақ эссе керек

Ответ:
Margo1961
Margo1961
20.03.2021 15:49

Объяснение:

Соғыс жайлы кинолар көргенді, кітап оқығанды ұнатамын. Әкем маған атам туралы қызықты әңгімелерді көп айтады. Сондықтан да мен майдангер, соғыс, бейбітшілік деген сөздерге ерекше мән беремін.

«Сенің атаң, менің әкем Ұлы Отан соғысына басынан бастап соңына дейін қатысқан жауынгер болған. Қатардағы солдат болып барып, офицер болып оралған. Әскери авиация құрамында қызмет атқарған. Ал соғысқа дейін Голощекин дәуірінің бейнетін тартып, ашаршылық салдарынан әке-шешесінен ерте айырылған. Балалар үйінде тәр­биеленген. Осындай қиындықтың бәрін жеңе біліп, Отанымызды фашистерден қорғауға өзі сұранып барған. Елге оралған соң Қорғалжын ауданында ауылшаруашылық маманы, кейіннен ішкі істер органдарында жемісті еңбек еткен. Зейнет жасына жеткен соң Астана қаласына қоныс аударды. Қалалық Ардагерлер ұйымына қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысатын. Сондықтан да сен майдангердің ұрпағы екеніңді ешқашан есіңнен шығарма. Отанды қорғауды қасиетті парызым деп ұқ, ұлым…» деп айтып жүретін әкемнің сөзі мен үшін өмірдің нақылындай болды. Орден-медальдары жарқыраған атамның суреттеріне қараған сайын бойыма бір күш қосылғандай болады.

Менің әкем Жақсыкелді де әскери борышын өтеген. 1985-87 жылдары Биробиджан қаласында әскери қызметін атқарған. Әскерден кейін Целиноград қаласындағы С.Сейфуллин атындағы педагогика институтында оқыды. Мұғалім болып еңбек жолын бастаған. Қазір электр коммуникациясы саласында жеке кәсіпкер болып жұмыс істейді. Әкемнің достарының арасында әскери қызметкерлер мен Ауғанстан соғысына қатысқан ағайлар да бар. Олардың әңгімелерін естіген сайын тезірек ержетіп, әскерге барсам деп ойлап қоямын.

Біз үйде төрт баламыз. Өзімнен үлкен екі әпкем – мектептегі үздік оқушылар. Менен кейінгі інім балабақшаға барады. Аяулы анамыз бізге «өмірде әділ болыңдар, өтірік сөйлемеңдер, жақсы оқыңдар, үлкен адамдарды сыйлаңдар» деп үнемі ақылын айтып жүреді.

Менің өмірдегі мақсатым – Отанды қорғай білетін азамат болып өсу. Мектепті бітірген соң жоғары оқуға түссем де, әскери борышымды өтеуге міндетті түрде барамын. Өйткені мен Отан үшін отқа түскен майдангердің немересімін. Ал майдангер аталар мен әскери қызметкерлер туған жердің де, халықтың да қорғаушысы болды. Сондықтан да Отанды қорғау әрбір ер-азаматтың қасиетті борышы болып саналады.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?