В
Все
Х
Химия
В
Видео-ответы
А
Алгебра
Г
Геометрия
О
ОБЖ
Д
Другие предметы
У
Українська література
Р
Русский язык
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
Э
Экономика
Ф
Физика
М
Математика
Ф
Французский язык
Г
География
И
Информатика
М
МХК
О
Окружающий мир
П
Психология
Н
Немецкий язык
О
Обществознание
П
Право
И
История
М
Музыка
Л
Литература
Қ
Қазақ тiлi
Б
Биология
А
Английский язык
gangstarvegas3
gangstarvegas3
12.12.2020 19:26 •  Қазақ тiлi

Қажымұқан Мұңайтпасов, Бауыржан Момышұлы,
Жамбыл Жабаев
Ахмет Байтұрсынұлы
( Осы атақты тұлғалар жайында шығарма жазу)​

Ответ:
gelik7575
gelik7575
06.02.2021 08:10

Сол күні кешке Жамбыл (Жабаев) қарттың үйіне бардық. Жамбылдың үйіне кіріп, бір бөлмесінде жантайып жатқан жұдырықтай ақсақалға сəлем бердік... Жамбыл менің бетіме сығырая қарады. Оның сынап отырғанын байқап, мен де қабағымды түйіп, оған ежірейе қалдым. Содан соң Жамбыл Сəбитке (Мұқанов) қарай мойнын бұрды да:

- Мына қызыңды... түсі тым суық екен, батыр болса болар! - деді.

Сəбит оған қарық болып күліп жатыр. Менде үн жоқ. Жамбыл күлместен маған қайта қарады.

- Батыр болсаң сен Өтеген мен Сұраншыдан күштімісің, соны айтшы, - деді. Мен ойланбастан жауап бердім.

- Өтеген қаптап келе жатқан өрт сияқты да, Сұраншы сарқырап аққан су сияқты батыр болатын. Дүниеде от пен судан күшті жоқ. Мен ол екеуінің ешқайсысына да пар келе алмаймын. Мен - оттың ұшқыны, судың тамшысы ғанамын, Жəке, - дедім.

Жәкеңнің өлеңінде өзі айтатын «борға малған» сақалы шошаң-шошаң етіп қалды. Ол атамыздың күлгені екен. Енді көзі шырадай жайнап, жылы ұшқын шашып, тағы да Сәбитке қарады.

- Әй, Балуан, мынауыңның түрінде ғана емес, тілінде де бірдеңе бар екен, қоныңдар, - деді. Жәкең Сәбитті мол денесіне байланысты ылғи осылай, Балуан Шолақ деп атайды екен. Жамбыл «Балуан Шолақ!» десе, Сәбит: «Ау, тәте»деп жауап береді.

Біз жайғаса бастадық. Сырт киімдерімізді шешініп жатқанымызда шалдың сақалы, су бетіне секірген ақ қайрандай* болып, бір жарқ ете қалған еді. Енді жайланып отыра бергенімізде ай мүйізді ақ қошқардың үстіне салт мінген біреу, шабуылға шығатын кавалеристей екпіндетіп келіп, табалдырық алдына тоқтай қалды да:

- Әумин, - деп алақанын жайды. Малдас құрып отырған Жөкең мойнын бұрды да: - Әй, Балуан Шолақ, өзің жасаушы ма едің, әлде батырың беруші ме еді батаны? - деді. - Ойбай, тәте, өзіңіз жасаңыз, - деді Сәбит.

Жамбыл алақанын жайды да:

- Батырдың жолы болсын! Самсаған қолы болсын! Түсі де суық екен, Ісі де долы болсын, Аллаәкпар! - деп бетін сипады...

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?