В
Все
Х
Химия
В
Видео-ответы
А
Алгебра
Г
Геометрия
О
ОБЖ
Д
Другие предметы
У
Українська література
Р
Русский язык
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
Э
Экономика
Ф
Физика
М
Математика
Ф
Французский язык
Г
География
И
Информатика
М
МХК
О
Окружающий мир
П
Психология
Н
Немецкий язык
О
Обществознание
П
Право
И
История
М
Музыка
Л
Литература
Қ
Қазақ тiлi
Б
Биология
А
Английский язык
Алима20041
Алима20041
23.11.2021 19:14 •  Қазақ тiлi

если вам тяжело то можете на русском сделать эссе​


если вам тяжело то можете на русском сделать эссе​

Ответ:
gnkbdh
gnkbdh
30.12.2020 06:00

Объяснение:

Елордадағы Қ.Қуанышбаев атындағы Мемле­кеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрына жиі барамын. Театрда қойылатын жаңа қойылымдардан қалмаймын десем бо­лады. Ғажайып өнер ордасының тұрақты көрер­менімін. Ондағы талай рөлдерді сомдап жүрген әртістердің шеберлігі маған жақсы таныс.

Мәселен, өзіме белгілі қаламгер Рахымжан Отарбаевтың тума таланттың азапқа толы өмірін өріп жазған «Әміре» драмасы қатты ұнады. 1925 жылы Париж­де өткен Бүкілдүниежүзілік ­«ЭКСПО» көрмесіне қатысқан Әміре Қашаубаевтың тағдырына арналған туындының сахналық шешімдері көрерменді бейжай қалдырмады. Қойылымның режиссері Нұрлан Жұманиязов тың ізденістерге барған. Бас кейіпкердің Парижге барғанда халқымыздың тағы бір аяулы ұлы Мұстафа Шоқаймен кездесуі де, көрнекті қайраткердің жат жерде елді сағынып жүргені де шынайы берілген. Спектакльдің бас кейіпкері «Әміре» бейнесін театр әртістері Қасымхан Бұғыбай мен Асылбек Қапаев келісті сомдады.

Ал Қаллеки театрының көркемдік жетекшісі, Қазақстанның халық әртісі Талғат Теменов қойған «Қызыл орамалды шынарым» атты лирикалық драмасы көрерменнің көңілінен шыққан спектакль болды. Қырғыздың әйгілі жазушысы Шыңғыс Айтматовтың «Арманым, Әселім» повесі негізінде сахналанған туындыда қос жастың адал махаббаты айрықша бедерленген. Ұзатылып бара жатқан жерінен туған-туыстарын тастап, сүйгенімен кете барған Әселдің өмірі де адамға терең ой салады. Бір-ақ рет жіберілген ағаттық Ілиястың отбасынан айырылуына әкеп соғады. Міне, осы оқиғалардың бәрі де өмірдің өзінен алынған.

Қысқасы, шаһардағы бас театр­дың әр қойылымын қалт жібермеймін. Алғаш Ақмолада қазақ театры ашылғанда қуа­нышымызда шек болмады. Бүгінгі «Астана» концерт залында көрнекті суреткер Ғабит Мүсіреповтің «Ақан сері–Ақтоқты» трагедиясымен театр шымылдығы түріліп еді. Содан бері біраз уақыт өтті. Өнер ордасының арнасы кеңейді. «Астаналық» деген мәртебесі де бар. Үнемі театр ұжымына тілектес болып отырамын. Бізді олар жақсы дүниелерімен қуанта берсін!

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?