В
Все
Х
Химия
В
Видео-ответы
А
Алгебра
Г
Геометрия
О
ОБЖ
Д
Другие предметы
У
Українська література
Р
Русский язык
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
Э
Экономика
Ф
Физика
М
Математика
Ф
Французский язык
Г
География
И
Информатика
М
МХК
О
Окружающий мир
П
Психология
Н
Немецкий язык
О
Обществознание
П
Право
И
История
М
Музыка
Л
Литература
Қ
Қазақ тiлi
Б
Биология
А
Английский язык
DaniilPedrol
DaniilPedrol
08.10.2022 11:30 •  Қазақ тiлi

Абайдың асқақ ақындығы туралы эссе жаз. Сөз саны

Ответ:
Butuzovapelageya
Butuzovapelageya
21.01.2021 20:18

ответ:Кеңдік. Биіктік. Тереңдік. Осынау бір-бірінен ажырамас үш ұғым арқылы Абай жырындағы, Абай сөзіндегі ұлылықты ұғып, ұрпаққа ашып айтамын, не биікке шығамын, не тереңге бойлаймын деген адамның өзі жоғары шықса, басы айналары, төмен түссе, тұншығары анық. Өйткені, Абай рухы аспандай асқақ, қара жердей қасиетті, ақын ойы қазақтың кең байтақ даласындай барлық құпия сырын ішке түйіп жатыр. Абайдың бір өзі – тұтас әлем және көрінгенге ашыла бермейтін, қалтарысы көп жұмбақ әлем, зерттелмеген мұхит, игерілмеген ғарыш.

Кең жазықта көсіле шапқан арғымақ па, қансонарда түлкі алған аңшы ма, махаббат қызығына батқан жастар ма, қас пен көздің арасындай бір сәтте жоқ болатын жалған ба, көкірегін қарс айырған халық мұңы ма, жер басып жүрген пенделердің көрсоқыр надандығы ма, ел билейді деп үміт артқан ағайынның жамандығы ма, күн мен түндей мәңгілік айқасып өтер итжығыс тіршіліктегі игілік пен зұлымдық па, осының бәрі Абай жырларында көрініс табады.

«Жүрегіңнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла», – деген ақын сөзі арты өкініш, алды үміт заманға айтылды ма, көрген түстей жалғанда не жасарын біле алмай шарқ ұрған адамға айтылды ма, әлде сөз ұқпайтын наданға айтылды ма, болжау қиын. Қасіреттен егіліп, қабырғасы сөгіліп кеткен кезде Абайдың:

«Өлең, шіркін – өсекші, жұртқа жаяр,

Сырымды тоқтатайын айта бермей»,– деуі де сондықтан.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?