В
Все
Х
Химия
В
Видео-ответы
А
Алгебра
Г
Геометрия
О
ОБЖ
Д
Другие предметы
У
Українська література
Р
Русский язык
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
Э
Экономика
Ф
Физика
М
Математика
Ф
Французский язык
Г
География
И
Информатика
М
МХК
О
Окружающий мир
П
Психология
Н
Немецкий язык
О
Обществознание
П
Право
И
История
М
Музыка
Л
Литература
Қ
Қазақ тiлi
Б
Биология
А
Английский язык
EvgeniaDymova
EvgeniaDymova
22.12.2020 02:59 •  Қазақ тiлi

Бабалар аңсаған тәуелсіздік тақырыбына 100-200 сөзді эссе жазу

Ответ:
Lizavitafjfjsj
Lizavitafjfjsj
12.01.2021 09:27

Сан ғасырлық бабалар аманат еткен, тәуелсіздіктің тұғырына жеткенімізге, міне, 24 жыл толып отыр. Бір ғана  Тәуелсіздік деген сөздің өзінде қаншама мән-мағына жатыр.Тәуелсіздік жолы - азамат жолы. Тәуелсіздік жолы - бабалар жолы. Тәуелсіздік жолы - үміт жолы. Кейінгі ұрпаққа аманат болған - болашақ жолы. Бүгінде,біз - бірлігі жарасқан, даму үстіндегі - Тәуелсіз елміз. Тәуелсіздік туын желбіреткен елбасымыз - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа бүгінде алғысымыз шексіз. Осы 24 жылда халқымыз тыныштықта, Отанымыз еркіндікте. Еліміздің бірлігі артып, берекесі кірді. Іргеміз тыныш. Түндеріміз - бейбіт. Күндеріміз нұрлы. Бізге өз тәуелсіздігіміз қымбат. Неге дейсіз ғой ? Ол бізге қымбат- ата- бабаның рухын көтергені үшін! Ол бізге қымбат- сөнген мемлекетіміздің отын маздатып жандырғаны үшін ! Ол бізге қымбат- елімізді қатарға қосып, әлемдік қауымға ендіргені үшін! Ол бізге қымбат- ата тарихымызды, ана тілімізді, дінімізді, тілімізді қаз- қаз тұрғызып «қазақ» деген атауға қан мен жан кіргізгені үшін! Ол бізге қымбат- «Отан» деп жүрегімізді қақтырғаны үшін! «Елім» деп елеңдетіп, «жерім» деп желпінтіп, барша алпыс екі тамырымызды игізіп, ата жұртын сүйдіргені үшін!  Ал, сол Тәуелсіздігімізге құрметпен қарап, болашақ ұрпақ санасына сіңіру біздің міндетеміз. Ал, болашақ ұрпақтың міндеті Тәуелсіздіктің отын сөндірмей, бабалар мұра еткен Тәуелсіздікті жандандыру. Елбасымыз аман, жұртымыз тыныш, керегеміз берік, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?