В
Все
Х
Химия
В
Видео-ответы
А
Алгебра
Г
Геометрия
О
ОБЖ
Д
Другие предметы
У
Українська література
Р
Русский язык
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
Э
Экономика
Ф
Физика
М
Математика
Ф
Французский язык
Г
География
И
Информатика
М
МХК
О
Окружающий мир
П
Психология
Н
Немецкий язык
О
Обществознание
П
Право
И
История
М
Музыка
Л
Литература
Қ
Қазақ тiлi
Б
Биология
А
Английский язык
FiveKh
FiveKh
16.07.2022 23:12 •  Қазақ тiлi

Жазылым. «Мен елімді сүйемін, сол себепті елімді жыр
етемін» тақырыбында шағын эссе жазыңдар.
3
к​

Ответ:
артем204567
артем204567
03.01.2021 19:16

«Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық» деп тегін айтылмаса керек. Әрбір Отан ұғымының қадірін білетін, туған жер сөзінің терең мағынасын түсінетін азамат үшін кіндік қаны тамған топырақ киелі де қастерлі.

Туған жерді жырламаған жан жоқтың қасы.Белгілі ақындарымыз

елі мен жерін жырға қосып, патриоттықтың тамаша үлгісін көрсеткен. Соның бірі, «Мұзтаудың мұзбалағы» атанған, дарабоз ақын Мұқағали Мақатаевтың Отан тақырыбындағы мына бір өлеңі:

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем!

...Отан! Отан! Бәрінен биік екен,

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем...

Меніңше, елді ерекше қастерлеп, мәңгілік сүю үшін үлкен жүректің керегі жоқ. Туған жерге деген шексіз құрмет пен махаббат болса жеткілікті. Себебі «Мен қазақпын» деп айту үшін «қазақ» деп соғатын жүрек керек. Қазақтың ертеңі үшін аянбай еңбек етем деген тілек керек. Бірде теледидардан елінен неше уақыт бойы жырақ жүрген, туған жерге қаншама уақытта қиындықпен оралған қазақ туралы бағдарлама көрдім.Көзінен жасын көл қылып, көліктен түсе сала жерді сүйіп, ақ қарды жылап тұрып аузына салып, шайнап жұтқанын көрдім. Көрдім де елімізде жүріп, еліміздің қадіріне жете бермейтінімізді түсіндім.Оның қаншалықты ыстық екенін түсіндім. Суық қарды көзі жасқа толып, асап жеп жатқаны ішіндегі ыстық сағыныш сезімінің басылмай жатқанынан-ау деп терең ойға қалдым. Дана қазақ «Әркімнің өз жері –жұмақ»деп бекер айтпаған. «Отансыз адам – ормансыз бұлбұл» деген сөздің жаны бар. Отансыз адам болмайды. Ел, жер, Отан сөздерін айтқанда, Отан алдындағы міндет, құрмет ойға оралуы тиіс.Байтақ жерімізде бейбітшілікті сақтау, кеудемізбен қорғау, көркейту, ел үшін қызмет ету – біздің міндетіміз. Елім үшін ерінбей еңбек етуге уәде етемін, білім алып, келешегін жарқын етемін. Мен – Тәуелсіз елдің ұланымын және оны мақтан етемін! Мен елімді, туған өлке – Қазақстанымды, тілімді жанымдай сүйемін

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?