В
Все
Х
Химия
В
Видео-ответы
А
Алгебра
Г
Геометрия
О
ОБЖ
Д
Другие предметы
У
Українська література
Р
Русский язык
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
Э
Экономика
Ф
Физика
М
Математика
Ф
Французский язык
Г
География
И
Информатика
М
МХК
О
Окружающий мир
П
Психология
Н
Немецкий язык
О
Обществознание
П
Право
И
История
М
Музыка
Л
Литература
Қ
Қазақ тiлi
Б
Биология
А
Английский язык
NikitaPut
NikitaPut
27.07.2021 08:19 •  Қазақ тiлi

Мұстафа Шоқай туралы 2 аргумент келтир және қорытынды жаса​

Ответ:
2810vika
2810vika
30.12.2020 11:25

Мұстафа Шоқай – қазақ ойшылы, ғалым, мемлекеттік және қоғам қайраткері. Ол Ақмешіт қаласында дүниеге келген. Мұстафа бастауыш білімді өзінің ата-анасынан алды, сосын Ташкентте орыс гимназиясын және Петербург университетінің заң факультетін үздік бағамен аяқтады.

1912 жылы түрік-балқан соғысы басталған кезде ол Турцияны қолдау қоғамында белсенді араласты. Мұстафа Шоқай Мемлекеттік думаның мұсылман фракциясының саяси бюросында түрік халықтарының жалғыз өкілі болды. М. Шоқай казактардың 1916 жылғы көтеріліске қатынасқандармен айуандық жазасын тексеру бойынша шешім қабылдауда шешуші роль атқарды. Мұстафа сондай-ақ, Құрылтайда «Түрік халықтарының құқықтарын қорғау» өкілдерінің комиссиясын басқарды.

1917 жылы наурызда М. Шоқай Ташкентте мұсылмандар конгресінде құрылған Мұсылмандар орталығын басқарды. Мұсылмандар орталығы автономия құруға дайындала бастады. 1917 жылғы Қазан революциясын түркістандықтар қуанышпен қарсы алды, бірақ бұл қуаныш ұзақ болмады, себебі Кеңестік билік шешімді түрде Түркістан автономиясына қарсы болды.

1917 жылы 22 қарашада Қоқанда барлық саяси партиялар мен қозғалыстардың Бүкіл түркістандық конгресі өтті, онда Қоқан автономиясын құру жарияланды. Автономия президенті болып Мұстафа Шоқай сайланды. Осы жылдың желтоқсан айында ол «Алашорда» үкіметінің құрамына енді. 1918 жылы қаңтарда қарулы жұмысшы отрядтары мен қызыл гвардияшылар Қоқанды басып алды, М.Шоқай Грузияға кетеді. Онда ол кавказ халықтарының демократиялық қозғалысына белсенді көмектесті.

1920 жылы, Қызыл Армия Грузияға кірген кезде М. Шоқай Турцияға көшіп келді, Берлин арқылы Францияға жетеді, сонда тұрақтап қалады. Эмиграцияда жүріп, Түркістан халқының көзін ашу мақсатында журналдар мен газеттердің шығарылымын ұйымдастырды. Стамбулда, Парижде, Берлинде, Лондонда, Варшавада шығарылған осы басылымдарда Орта Азия туралы мақалалар жарияланды. «Новый Туркестан» және «Молодой Туркестан» журналдары Стамбулда, Берлинде жарық көрді.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?