В
Все
Х
Химия
В
Видео-ответы
А
Алгебра
Г
Геометрия
О
ОБЖ
Д
Другие предметы
У
Українська література
Р
Русский язык
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
Э
Экономика
Ф
Физика
М
Математика
Ф
Французский язык
Г
География
И
Информатика
М
МХК
О
Окружающий мир
П
Психология
Н
Немецкий язык
О
Обществознание
П
Право
И
История
М
Музыка
Л
Литература
Қ
Қазақ тiлi
Б
Биология
А
Английский язык
Nastya521478
Nastya521478
15.09.2022 11:19 •  Қазақ тiлi

Қазіргі жастардың арасынан кездесіп қалатын өзіңді қынжылтатын жайттарды экспрессивтік эссе түрінде жазып көр.​

Ответ:
sasha1027821
sasha1027821
15.10.2020 18:53

Мемлекет қазақстандық балалардың қазақ тілінде тәрбие мен білім алуын қамтамасыз ететін батыл қадамдар мен кешенді бағдарламаларды жедел қолға алмаса көш түзелмейтіні айдан анық болып тұр.

Көшеде, қоғамдық көлікте, түрлі іс-шараларда, яғни күнделікті өмірде жас­тармен кездеспей тұрмаймыз. Сонда олардың бір-біріне қарым-қатынасы, сөйлеген сөзі аға ұрпақ өкілдерін қатты қынжылтады. Әрине, мен бәрін жамандаудан, көпке топырақ шашудан аулақпын, дегенмен, жаман әдеттің жұққыш келетінін, «бір құмалақтың бір қарын майды шірітетінін» ұмытпайық.

Ағылшын тілінде «сленг», «жар­гон» деген сөздер бар, оның ма­ғынасы фразеологизмге ұқсас, яғни фонетикалық, грамматикалық жүйеге бағынбайды. Осындай сөз тіркестеріне жастар тым құмар болып барады. Оны сәнге айналдырып алған, мақтаныш көреді: «сындырды», «базар жоқ», «лапша ілді», «құлақтан тепті», «қуады екенсің», «лақтырып кетті», «қораға кірді» деген сөздерді жиі естиміз. Шешімін таба алмаса, «тормозы ұстап қалды», «зависать етіп қалды», көпшілікпен келуді «толпа», менменсуді «типаж болу», ақша талап етуді «счетчик қою», қоңырау шалуды «маяк тастау» деп жатады.

Жас­тар арасындағы сауатсыздықтың белең алуына әлеуметтік желілердің мобильдік нұсқасының көп әсері бар. Агентті пай­далану арқылы жастардың қазақ тіліндегі сауаттылығының төмендеуі былай тұрсын, тілге де қатты әсер ете­ді. «Kaydasin», «kawan» деген сияқты сөздерге «қ» әрпі жоқ болғандықтан «кай­дасын?», «кашан?» болып кете береді. «Жагдайын калай?», «нестеватырсын?». Бүгін қалай жазса, ертең солай айтады.

Тағы бір айта кететін жайт, жастардың сұраққа сөзбен жауап бермеуі. Жоқ болса «ыкк» дейді немесе таңдайды тақ еткізумен бітеді. Оның бір себебі кітап оқымайтындығы, ал теледидардың, компьютер ойындарының жоғарыда айтқанымдай, зиянды жағы көп.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?