В
Все
Х
Химия
В
Видео-ответы
А
Алгебра
Г
Геометрия
О
ОБЖ
Д
Другие предметы
У
Українська література
Р
Русский язык
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
Э
Экономика
Ф
Физика
М
Математика
Ф
Французский язык
Г
География
И
Информатика
М
МХК
О
Окружающий мир
П
Психология
Н
Немецкий язык
О
Обществознание
П
Право
И
История
М
Музыка
Л
Литература
Қ
Қазақ тiлi
Б
Биология
А
Английский язык

Напишите статью на тему "Нұрлы жол"-путь в будущие напишите,если можно на казахском.

Ответ:
manya271200
manya271200
24.08.2020 18:29

Елбасымыз НұрсұлтанӘбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арналған өзінің дәстүрлі 2015-2019 жылдарға арналған 19-шы Жолдауын жариялаған болатын. «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» деп аталатын бұл Жолдау – жаңа сын-қатерлермен және жаһандық қаржы– экономикалық дағдарыспен бетпе-бет келіп отырған бүгінгі әлемде елімізді жұдырықтай жұмылдырып, болашаққа деген нық сенімін ұялатқан тарихи маңызы зор Жолдау болды.

Елбасы жолдауындағы көтерілген маңызды мәселе –қиындықтан шығу жолында ұлттық қор қаражатының жұмсалуы болып табылады. «Түстік өмірің болса, күндік ас жи» демей ме халқымыз. Кезінде Елбасының өз бастамасымен ұлттық қорды құруы-даналық шешім болатын. Міне, енді ол елді тығырықтан шығарудың басты жолы болып отыр.  

Жолдауда жарияланған «Нұрлы жол» Жаңа экономикалық саясатының басты тұғыры 5 жылға есептелген, 100-ден астам шетелдік компаниялар ниет білдіріп отырған инфрақұрылымды даму жоспары болып табылады. Елбасының экономиканың осындай қиын кезеңінде қаражатты инфрақұрылымға (темір жол, авто жолдар, электр желілері, газ құбырлары,т.б.) салғаны атап өтерлік. Себебі, бұл – экономикалық заңдылық. 2008 жылы қаржылық дағдарыс кезінде Қытай дәл осындай жолды таңдаған болатын. Қателескен жоқ.

Елбасы Жолдауында әсіресе жол мәселесіне басқа көңіл бөлінген. «Жол – деді Елбасы,- шын мәнінде өмірдің өзегі, бақуатты тірліктің қайнар көзі.  

Тәуелсіз еліміздің басты идеологына айналған Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Жолдаудың соңында ұлы ұлттық Идеямыз-«Мәнгілік Ел» жөнінде тағы да рухымызды көтере, нығарлай атап өтті. «Біз – деді Елбасы, – Жалпы ұлттық идеямыз – «Мәнгілік Елді» басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырды. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы Жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. «Мәңгілік Ел» – елдің біріктірушы күші, ешқашан таусылмас уақыт көзі. Ия, қандай дәл айтылған рухты сөздер десеңізші. Осынау ата-бабаларымыздың ұлы арманы-Мәнгілік Ел болуды Тәңірім біздің-бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан халқының маңдайында жазыпты.

Тарихқа есесі кеткен қазақтың бүгін бақытты болуға, Мәңгілік Ел болуға толық құқы бар! Ендеше бүгінгі алмағайып қиын заманда алпауыт державалардың ықпалына түсіп, жұтылып кетпей, шаң қуып алмай, Мәңгілік Ел болып қалуымыз үшін Нұрағаның нұрлы жолымен жұдырықтай жұмылып, жасампаздықпен енбек етейік ағайын!

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?