В
Все
Х
Химия
В
Видео-ответы
А
Алгебра
Г
Геометрия
О
ОБЖ
Д
Другие предметы
У
Українська література
Р
Русский язык
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
Э
Экономика
Ф
Физика
М
Математика
Ф
Французский язык
Г
География
И
Информатика
М
МХК
О
Окружающий мир
П
Психология
Н
Немецкий язык
О
Обществознание
П
Право
И
История
М
Музыка
Л
Литература
Қ
Қазақ тiлi
Б
Биология
А
Английский язык
shoeva02
shoeva02
14.10.2021 19:48 •  Қазақ тiлi

3. «қазақ даласы табиғи суларға бай емес» деген пікірге келісу-
келіспеу себептеріңді көрсетіп, эссе жазыңдар. белгісіздік есімдік-
терін кірістіріңдер.

Ответ:
Dania2432
Dania2432
11.10.2020 01:41

Еліміздің су ресурстары.

Иә, су – бар тіршіліктің көзі, әлдеқашаннан табиғаттың айырып ала алмас бөлігі. Сусыз өмір өлді, солды деген сөз. Ал қазақ даласы табиғи суларға бай емес. Себебі сумен қамтамасыздандыру деңгейі  бойынша ол ТМД елдерінің ішіндегі әлдеқайда төмен орынды алады, тіпті  Түркіменстаннан кейін тұр.

Қажетті су тұтыну көлемі 54,5 км3-ді құрайды, мұның сулылығы бойынша орташа есеппен жылда шаруашылыққа пайдаланылу мүмкіндігі 46,0 км3-ден аспайды. Қазқстанда 85 мыңнан астам өзендер мен уақытша су көздері бар. Бірақ олардың саусақпен санарлық кейбірі ғана үлкен көлемді өзендер.

Республиканың басым бөлігінде адамдардың өндірістік әрекетінің, су көздерінің  және коммуналдық-тұрмыстық қалдықтарымен ластануының және басқа да себептердің нәтижесінде таза тұщы суға деген тапшылық байқалады.    

"Су ішетін арығы жоқ елдің, сүзіп алатын балығы жоқ" демекші, суды тиімсіз пайдаланудың кесірінен ел экономикасы әлсіреп, денсаулық пен шаруашылық көрсеткіші құлдырайды.Сондықтан кімде-кім өзімізден бастап үнемдеп, қоқсытпай, тиімді қолдансақ, мүмкін, су қорының мөлшері ұзаққа жетіп қалар.

Белгісіздік есімдігі:әлдеқашан, әлдеқайда, кейбірі, кімде-кім.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?