В
Все
Х
Химия
В
Видео-ответы
А
Алгебра
Г
Геометрия
О
ОБЖ
Д
Другие предметы
У
Українська література
Р
Русский язык
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
Э
Экономика
Ф
Физика
М
Математика
Ф
Французский язык
Г
География
И
Информатика
М
МХК
О
Окружающий мир
П
Психология
Н
Немецкий язык
О
Обществознание
П
Право
И
История
М
Музыка
Л
Литература
Қ
Қазақ тiлi
Б
Биология
А
Английский язык
vita102003
vita102003
04.01.2021 11:20 •  Биология

Экологиялық сукцесия деген не

Ответ:
314159026
314159026
18.09.2021 13:10

Экологиялық сукцессия (экология лат. оікос – үй, баспана; логос – ілім және сукцессия лат. сұццесіо — мұрагерлік) – бір биоценоздың басқа биоценозбен ауысып отыруы. Экологиялық сукцессия бірнеше кезеңдерден өтеді, солардың барысында биоталық қауымдастықтар бірінен соң бірі алмасып жатады. Экологиялық сукцессия кезінде түрлер алмасуының себебі, популяциялар қоршаған ортаны өзгерте отырып, өзге популяция үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Мұндай жағдай жүйенің биоталық және абиоталық құрауыштарының арасында тепе-теңдік орнағанша жалғаса береді. Экологиялық сукцессия өсу, тұрақтану және климакс сатыларынан тұрады. Өнімділік критериін негізге ала отырып, оларды бір-бірінен былай ажыратады: бірінші сатыда өнім өзінің ең жоғары дәрежесіне дейін өседі; екінші сатыда өнім тұрақты болып қалады; үшіншісінде – жүйенің бұзылуына қарай ең төмен деңгейіне жетеді. Экологиялық сукцессияның автотрофты, гетеротрофты, аутогенді, аллогенді, фитогенді, зоогенді, ландшафты, антропогенді түрлері бар. Мысалы, аутогенді Экологиялық сукцессия ішкі байланыс арқылы жүрсе, ал аллогенді Экологиялық сукцессия сыртқы әсердің нәтижесінде пайда болады. Қорыта айтқанда, Экологиялық сукцессия биоталық қа-уымдастық пен физикалық орта арасында тепе-теңдік орнайтын, экожүйенің бағытталған дамуы болып саналады. Экологиялық сукцессия барысында организмдердің түрлік популяциялары және олардың арасындағы функциялық байланыстардың түрлері бірін-бірі белгілі заңдылыққа сәйкес кезеңді түрде және қайталап алмастырып отырады.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Биология
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?