В
Все
Х
Химия
В
Видео-ответы
А
Алгебра
Г
Геометрия
О
ОБЖ
Д
Другие предметы
У
Українська література
Р
Русский язык
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
Э
Экономика
Ф
Физика
М
Математика
Ф
Французский язык
Г
География
И
Информатика
М
МХК
О
Окружающий мир
П
Психология
Н
Немецкий язык
О
Обществознание
П
Право
И
История
М
Музыка
Л
Литература
Қ
Қазақ тiлi
Б
Биология
А
Английский язык
хавал
хавал
27.06.2021 23:19 •  Биология

Егер де ақ аю мен қоңыр аюдың мекен ету ортасын алмастырса, тіршіліктерін жалғастыра алады ма? Неліктен?​

Ответ:
azilhan1
azilhan1
15.10.2020 16:21

Ақ аю дене ұзындығы 2-2,5 м, кейде 3 м жетеді, биіктігі 1,5 м, салмағы 800 кг бір тоннаға барады. Оны басқа түрлерінен ұзын мойыны, жайпақ басы арқылы ажыратады. Терісі қара, ол ақтан сарғышқа дейін, жазда күн сәулесі тұрақты әсер ететіндіктен үлбірі сарғаяды. Табаны мұзда таймай, тоңбау үшін түкпен қапталған. Саусақтарының арасында жүзу жарғағы болады, ал аяғының алдыңғы бөлімі қатты қылдармен әдіптелген. Ірі тырнақтары өте күшті олжаны ұстап тұра алады. Қалқып жүзіп бағытынан ауытқыған, жабысқан теңіз мұзжарын мекендейді, онда өзінің негізгі олжаларын теңіз жануарларын: буылтық нерпа, теңіз қояны, сойдақ тістілер-морждар, басқаларды аулайды. Ұзақтығы 50-80 күндік қысқы ұйқыға, көбінесе буаз аналықтар жатады. Аталықтар мен бойдақ аналықтардың қысқы ұйқысы қысқа, әрі жыл сайын жатпайды. Қарағанда икемсіз болғанымен ақ аюлар құрлықта өте жылдам, епті, ал суда жеңіл жүзіп, сүңгиді. Оның көбею потенциалы төмен, аналығы алғаш ұрпағын 4-8 жасында әкеледі, 2-3 жылда бір рет туады, ұясында 1-3 қонжығы болады, тіршілігінің ең ұзақтығы 25-30 жыл. 1956 жылдан бастап, ТМД аулауға тиым салынған. 1976 жылдан ХТҚО, КСРО Қызыл кітабына енгізілген.

Кәдімгі қоныр аю дала, шөл, субтропикалық орман, тайга, тундра және теңіз жағалауларын, немесе барлық жер үстін мекендейді. Оның кейпі аю тұқымдастары өкілдеріне тән. Денесі зор, шоқтығы биік, басы үлкен, құлақтары мен көздері кішкене келеді. Құйрығы, түктерінен әрең көрінетін, қысқа 65-210 мм. Мықты тартуы аз тырнақты табандарының ұзындығы 8-10 см, бес саусақты, табанымен жүреді. Түгі қалың, біркелкі боялған. Оның түсі, тек әр таралу аймағы бөлімдерінде емес, тіпті бір аудан аймағында өте құбылмалы. Үлбірінің түсі ақшыл-қуқыл-сұрғылттан көкке тіпті қараға дейін түрленеді. Ең кәдімгі түрі қоңыр. Оның буаздығы жасырын кезеңді, ұрығы қараша айынан бұрын дамымайды. Буаздық мерзімі 190-200 сөткеден аспайды. Аналығы 2-4 жылда бір рет қонжық әкеледі. Күйлеуі мамырдан шілдеге шейін, 10-30 күнге созылады. Қонжықтар апанда қаңтар-ақпан айларында туады, қаңтардың алғашқы жартысына келеді.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Биология
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?